
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Шалқия кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.
Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Мекемеде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мекеменің 27.03.2023 жылғы №34-Ө өкімімен бекітілді. Талдау жұмыстары 2022 жылдың ІІ жартыжылдығын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, М.Шоқай көшесі №11 ғимаратта орналасқан «Шалқия кенті әкімінің аппараты» КММ-не келуге, shalkiya@korda.gov.kz электрондық пошта жолдауға, сонымен қатар мекеменің 8 (724-35) 42-2-37 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.