
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Төменарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі мекеменің 27.03.2023 жылғы №32-Ө өкімімен бекітілді. Талдау жұмыстары 2021, 2022, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, Р. Құлымбетова көшесі №11 орналасқан «Төменарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келуге, Tomenarik@korda.gov.kz электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар мекеменің қабылдау бөліміне 53-4-00 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.