
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып « Машбек Нәлібаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.
Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Мекемеде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мекеменің 27.03.2023 жылғы №696-Ө өкімімен бекітілді. Талдау жұмыстары 2022 жылдың ІІ жартыжылдығын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Жаңақорған ауданы, Машбек Нәлібаев ауылдық округі, Абылайхан көшесі №10 ғимаратта орналасқан « Машбек Нәлібаев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не келуге, mashbek_nalibaev_ao@mail.kz электрондық пошта жолдауға, сонымен қатар мекеменің 30-2-42 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.