
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Қыраш ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Әкім аппартының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ауылдық округ әкімінің 27.03.2023 жылғы №25-нқ өкімімен бекітілді. Талдау жұмыстары 2021 жылдың 5 қаңтары мен 2023 жылдың 01 наурызы аралығын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағым мен ұсыныстарыңыз болса, Қыраш ауылдық округі, Тәуелсіздік №1 А мекенжайда орналасқан «Қыраш ауылдық округі әкімінің аппарты» КММ-не келуге, kirash.kz@mail.ru электрондық пошта мекенжайына жолдауға, сонымен қатар 35-3-63 нөмері арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.