
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Қосүйеңкі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Әкім аппартының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ауылдық округ әкімінің 27.03.2023 жылғы №39-нқ өкімімен бекітілді. Талдау жұмыстары 2021 жылдың 5 қаңтары мен 2023 жылдың 01 наурызы аралығын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағым мен ұсыныстарыңыз болса, Қосүйеңкі ауылдық округі, С. Сариев №31 мекенжайда орналасқан «Қосүйеңкі ауылдық округі әкімінің аппарты» КММ-не келуге, kosyenki.a@mail.kz электрондық пошта мекенжайына жолдауға, сонымен қатар 30-1-43 нөмері арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.