

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі» КММ-сі және мекемеге қарасты мекемелер қызметі болып табылады. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі. Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің және оған қарасты мекемелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің және оған қарасты мекемелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бөлімнің 2023 жылғы 27 наурыздағы №52 бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмыстары 2021 жылдың 05 қаңтары мен 2023 жылдың 01 наурызы аралығын қамтиды. Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы ақпараттарыңыз, арыз- шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Жаңақорған кенті Манап Көкенов көшесі №4 мекенжайында (Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі) орналасқан «Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі» КММ-не келуге, madeniet.sport@mail.kz электрондық почтасына жолдауға,сонымен қатар мекеменің қабылдау бөліміне 22-3-32 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығын жеткізеді. Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.