

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-нің қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бөлімнің 01.03.2023 жылғы №21 бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмыстары 2021-2023 қаңтар-наурыз аралығындағы кезеңды қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса,
Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, Б.Майлин көшесі № 5 ғимаратында орналасқан «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-не келуге, jkorgan@korda.gov.kz электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар Бөлімнің қабылдау бөліміне 23-2-70 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.