
«Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 03.04.2023-28.04.2023 жылы ішкі талдау жүргізіледі.
Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты ao_uzgent@mail.kz электрондық пошта мекенжайына жолдауды сұраймыз.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.