
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Бөлімнің 01.01.2023 жылғы №37 бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмыстары 05.01.2021 – 01.03.2023 жыл аралығын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №44 мекенжайдағы ғимараттың 3 қабатында орналасқан «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не келуге, k.saparbaev@korda.gov.kz электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар бөлімге 22-0-74 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.