Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм
Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласының 2026 жылдың І тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы
07 апреля 2026

Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылдың 1 наурызына 2686 шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі - ШОК) тіркелген, жұмыс жасап тұрғаны субъектілерінің саны 97,0% (78 бірлікке)төмендеп, 2608 бірлікті құрады.

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2026 жылдың 1 наурызына 121,2 пайызға артып, 5 млрд. 594,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

Оның ішінде Өңдеу өнеркәсібі ақпан айында «Каспий петролиум» және «Номад солар» кәсіпорындарының өнімі есебінен 1 млрд. 331,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 115,1 пайыз.

Бөлшек сауда көлемі аудан көлемінде орналасқан жанар-жағар май, газ құю бекеттері, дәріханалар, компьютерлік жабдықтар сатумен айналысатын кәсіпорындар арқылы  үстіміздегі жылдың ақпан айында 536,0 млн. теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 2026 жылдың 1 наурызына 4 млрд. 648,0 млн. теңгеге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,1 пайызға орындалды.

Оның ішінде жеке қаражат есебінен өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 млрд. 239,4 млн теңгеге немесе 228,4 пайызға артығымен орындалды.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту және жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грантты қоса алғанда аудан бойынша 2025 жылдың 12 айында 277 жоба 5 млрд. 175,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Үстіміздегі жылы аудан бойынша «Ауыл Аманаты» бағдарламасының «Amanatnesie.kz» цифрлық платформасына 358,7 млн. теңгені құрайтын                 52 жобаның) құжаттары енгізілді.

Оның ішінде, ағымдағы жылдың ақпан айында 64,4 млн. теңгені құрайтын 11 жоба комиссия қарауында қаралып, 48,6 млн. теңгені құрайтын 7 жоба қаржыландырылды. Жаңадан 7 жұмыс орындары ашылатын болады.

Сонымен қатар наурыз айында 165,4 млн. теңгені құрайтын 22 жоба комиссия қарауында қаралып, шешімі шықпады.

Бұдан бөлек, аудан бойынша 38,0 млн. теңгені құрайтын 5 жобаның құжаттары жинақталуда.

Сондай-ақ, аудан бойынша «Агробизнес» бағдарламасы аясында 26,0 млн. теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары жинақталып, қаржы ұйымына ұсынылды.

Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – инвестициялық ахуалды жақсарту арқылы отандық және шетелдік инвестиция тарту болып табылады.

2025 жылы ауданда жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын барлығы                  4 инвестициялық жоба іске асырылды. Жаңадан 19 жаңа жұмыс орны құрылды.

Олар:

Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейін) :

  1. «Ер-Әлі» шқ-ның «Күріш ақтау және жем өндіру» зауытының құрылысы, жоба құны 150 млн. теңге.
  2. ЖК «Бейбарыс» «Кондитерлік өнімдер шығару» цехы, жоба құны 50 млн. теңге.
  3. ЖК «Тәтті» А.Гаюпованың «сауда және ойын-сауық орталығы», құны 380 млн. теңге.
  4. «Таң ЛТД» ЖШС-нің жалпы құны 422 млн.теңгені құрайтын мақсары майын, жүгері ұнын және күріш лапшасын шығаратын «Өндірістік база» жобасы.

Үстіміздегі жылы ауданда 12 млр. 155 млн. теңгені құрайтын 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жоба толықтай іске асырылған жағдайда жаңадан 72 жұмыс орны құрылады.

Атап айтқанда,

Өңірлік пул аясында (150 000 АЕК дейін) :

  1. «EcoServiseStroy» ЖШС-нің 150 орынға арналған балабақша құрылысы, жоба құны 350,0 млн. теңге. Бүгінгі күнге ғимараттың 70 пайыздан астам құрылыс жұмыстары жүргізілген. Жоба қазан айында іске қосылады деп күтілуде.
  2. Жеке кәсіпкер Цой Людмила Ивановнаның жалпы құны 200,0 млн. теңгені құрайтын Сауда орталығы құрылысы. Жоба тамыз айында іске қосылады.
  3. ЖК "Ханшатыр" С.Баймагамбетованың 120 орынға арналған балабақша құрылысы. Жоба Қараша айында іске қосылады.
  4. ЖК "РАЯНА" А.Каипованың 450 орынға арналған «SHAH HALL» тойхана құрылысы. Жоба толықтай іске асырылды.

Бұдан бөлек Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа аясында (150 000 АЕК асатын жобалар) ауданда 2 жоба жүзеге асырылуы жоспарлануда.

Ол, «Агрохимсервис-С» серіктестігінің жалпы құны 905 млн. теңгені құрайтын «қоймалар және шатыр» құрылысы жобасы. Оның ішінде 750 млн. теңгесі мемлекеттік қолдау шараларына ие болған. 5 жаңа жұмыс орны ашылады.

Бүгінгі күнге қоймалардың 90 пайыздан астам жұмыстары аяқталды. Қытай елінен құрал-жабдықтардың алғашқы легі келді. Жоба толықтай 2026 жылдың соңына қарай іске асырылады деп күтілуде.

Қызылорда облысы әкімдігінің сүйемелдеуімен Жалағаш ауданында жоба құны 51 млрд. теңгені құрайтын шетелдік инвестор Швейцариялық «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және сояны өсіру және қайта өңдеу бойынша агро-индустриялық кластер құру жобасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жоба екі кезеңмен іске асыру жоспарлануда (І кезең 2025-2026 жж. ІІ кезең 2026-2027 жж).

Жобаның қуаттылығы жылына техникалық қарасора 42 мың тонна, жүгері дәні 70 мың тонна, соя 20 мың тонна.

Жоба аясында 60 мың тонна шикізат өңдейтін және май сығу зауыты іске қосылады және 150 адам жұмыспен қамтылу көзделген.

Қызылорда облысы әкімдігі мен «Харвест Агро Холдинг» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумғо қол қойылды.

«Харвест Агро Холдинг» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі «АА Агро Кызылорда» ЖШС-нің Жалағаш ауданы әкіміне жазған өтінішіне орай ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №11-1-4/590 бұйрығына сәйкес мемлекеттік меншіктен жер учаскесін алу үшін 2025 жылдың 4 желтоқсан күні Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының комиссиясына ұсынылып, оң қорытынды берілді.

Жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасына (150 000 АЕК асатын жобалар) енгізілді.

        Аудан әкімдігінің 2025 жылдың 12 желтоқсанындағы №221 қаулысына сәйкес 14273 гектар жер телімі табысталды.

        Жоба бойынша Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округіне қарасты Қараөзек өзенінің бойынан су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, оның ішінде жаңбырлатып суару тәсілін қолданып, үш кезеңнен тұратын барлығы 32 000 гектар жердің бірінші кезеңінде, яғни биыл 8700 гектар жерін ашып, егін егу қалпына келтірілді.

 Оның ішінде тегістелген жердің 7700 гектар жеріне жүгері дақылын егу жоспарлануда.

Жоба бойынша жоспарланған 143 дана жаңбырлатып суару құрылғысының 80 данасы орнатылса, қалған құрылғылар жоба басына толықтай жеткізіліп, құрастырылуда.

 Жаңбырлатып суару құрылғылары отандық өнім (Түркістан облысы, «BNK Group» ЖШС).

Анықтама ретінде:

Құрылғының ұзындығы 396 м.

Қуаттылығы 50 гектар жерді суаруға жетеді.

Бұдан бөлек егістік алқабына орнатылған жаңбырлатып суару құрылғыларына жер асты су жеткізу трубалары және электр тогын орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 Сонымен қатар егіс алқабының толықтай қоршау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге 10 шақырым жері қоршаланды.

Сондай-ақ жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайтын канал қазылуда.

 Бүгінгі күнге жоба басында 10 мердігер компаниясында, барлығы 300 жұмысшы 200 ге жуық техникалар жұмыс жасауда.

«АА Агро Кызылорда» серіктестігі арқылы Германиялық «CLASS» тракторының 4 данасын, «TIGER» тұқым себу көп функционалды техникасы және жүгеріге арналған қатар аралық культиваторлар, өздігінен жүретін дәрі шашқыш техникалары сатып алынды.

Биылғы жылға бірінші кезең бойынша егінді егу, күтіп баптауға тұрақты 100 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек серіктестік тарапынан сұратылған 2071 гектар орман қоры жер учаскелерін босалқы жер санатына ауыстыру мәселесі бойынша Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме тарапынан жұмыс тобы құрылып, акт жасалынған.

Мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт, орман шаруашылығының шығындары есептеліп Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданған.

Спорт
Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы
07 апреля 2026

Жалағаш  ауданының  дене  тәрбиесі,  спорт  және  туризм бөліміне бағынысты «Наркескен спорт клубы», Б.Құлтекенов атындағы «Жабық бассейн», және «Балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы» КММ жұмыс жасайды.

Жалағаш  ауданының  дене  тәрбиесі,  спорт  және  туризм бөлімінің жылдық көпшілік –күнтізбелік жоспарында   2026 жылға 1 республикалық, 6 облыстық, 80-нен аса аудандық жарыс өткізу жоспарланған.   І  тоқсанда  гір спортынан облыстық  2 жарыс және спорт түрлері бойынша   аудандық 15 жарыс  өткізіліп, оған барлығы 1827 спортшы  қамтылды.

2026 жылғы 30-31 қаңтарда «Наркескен» спорт клубында  Гір спортынан Жастар мен жасөспірім және ардагерлер арасында өткен облыстық жарыста аудан командасы 16 алтын, 7 күміс, 3 қола медаль иеленді. Жарыс жеңімпаздары  23-25 ақпан аралығында Қостанай  қаласында  гір спортынан  өтетін   ҚР  чемпионатына  жолдама алып, Жалағаштық спортшылар Қызылорда  облысының қоржынынына 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль салып, барлығы 8 жүлдеге ие болды.

Төлеген  Қайсар  кәсіпқой ересектер  арасында 78 кг  салмақ  дәрежесінде  ІІ орын иеленіп, Әлем Чемпионатына жолдама жеңіп алды, сонымен қатар жастар арасында 78 кг салмақта 1 орын иегері атанды.

2013-2016 жылы туылған қыздар арасында Талғатқызы Әдемай -38 кг салмақта 1 орын иеленді. 2010 жылы тулған және одан кіші жасөспірімдер арасында Серікбай Абылайхан -58 кг салмақта 3 орын иеленсе, ересектер арасында Есназаров Мейрамбек, Сейтенов Абдулхасандар қола медаль, Нұрлан Қуаныш, Мәжиев Ислам күміс жүлдегер атанды. 

2026 жылғы 6-7 наурыз күні «Наркескен» спорт клубында гір спортынан ересектер мен жастар және жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтіп аудан командасы 15 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль иеленді. Сондай-ақ 2026 жылғы 28-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында гір спортынан жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, нәтижесінде Жалағаштық спортшыларымыз 3 күміс, 2 қола медаль иеленді. 

Спортшыларымыз: Мешітбек Ержан -2010 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер 48 кг салмақта  -3 орын.

Өмірбек Әлтайыр – 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында 63 кг салмақта 2-орын.

Ербол Әзиз – жасөспірімдер арасында 2-орын, жастар арасында 3-орын.

Аймағанбет Арайлым -2008-2009 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында -2 орын алып, күміс жүлдегер атанды.

Жалағаш ауданы бойынша «Наркескен» спорт клубының Гір спорты жаттықтырушысы Сейтенов Абдулхасан.

Жұмыспен қамту
Жалағаш аудандық жұмыспен қамтамасыз ету Маңсап орталы филиалы бойынша 2026 жылғы І тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы
07 апреля 2026

Статистика

  • жұмыс күшінің саны – 14 645 адам
  • жұмыспен қамтылған халық саны – 13 926 адам;
  • жұмыссыздар саны – 581 адам;
  • жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,0%;
  • 2026 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны –299 адам
  • Жұмыссыздық деңгейі – 2,0%

*****

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 754 адамның тұжырымдамаға қатысушы ретінде 271 адам тіркелді.

Олар келесі бағыттарға бағытталды:

- 116 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды;

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 23 адам жолданып, олардың 9-ы оқу курсын аяқтап сертификатын алды.

- 73 адам (73 сертификат алды) немесе жоспарланған 295 адамның 25,0 % «Электрондық еңбек биржасы» порталы (skills.enbek.kz платформасы) арқылы онлайн-оқудан өтті.

- субсидияланатын жұмыс орындарына 271 адам жұмысқа орналастырылды, яғни:

- жастар практикасына – 1 адам жолданып, 1 адам жұмысын мерзімінен бұрын өз еркімен тоқтатты. (жоспар 140 адам);

- қоғамдық жұмыстарға – 266 адам жолданды, оның 1 адам жұмысын мерзімінен бұрын аяқтады. (жоспар 295 адам);

- «Күміс жас» жобасына – 4 адам жолданды. (жоспар 45 адам).

Жыл басынан бері 3 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 20 жұмыс беруші 37 бос жұмыс орнын ұсына отырып қатысып,  8 адам тұрақты жұмысқа орналастырып, 128 адам кеңес алды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы мәліметі

2026 жылдың 1 сәуіріне 46 отбасыға (306 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылмен салыстырғанда 53 отбасыға (344 адам) 13,0% азайған.

Бүгінгі күнге өтініш білдірген 49 отбасының құжаттар пакеті отбасының материалдық жағдайын зерттеу үшін учаскелік комиссияның қарауына ұсынылды, соның ішінде 49 отбасының құжаты учаскелік комиссиядан оң қорытынды алып, 46 (306 адам) отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. АӘК алушылардың ішінде:

         - бала күтімінде отырған аналар – 32 адам;

         - мүмкіндігі шектеулі жандар – 1 адам;

         - жүгіну кезінде жұмысы барлар – 35 адам;

         - студенттер – 20 адам;

         - жұмыссыздар – 5 адам;

         - кәсіпкерлер –4 адам;

- зейнеткерлер – 1 адам;

 - балалар саны – 208 адам (1 жасқа дейінгі бала саны – 10, 1-7 жасқа дейінгі бала саны – 96, 7-16 жас аралығында бала саны – 102).

Бұл ретте шартты ақшалай көмек алушылар саны 41 адамды құрайды, оның ішінде 76 адам немесе 53,9% еңбекке қабілетті болып табылады, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 6 адам қамтылды, оның ішінде:

         - 6 адам қоғамдық жұмыстарға;

         - 2 тұрақты жұмысқа орналасқан.

Құрылыс және сәулет
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2026 жылдың І тоқсанында атақарылған жұмыстары туралы
07 апреля 2026

 «Аламесек ауылдық округі, Есет батыр елді мекеніне ауыз су жүйесін жаңғырту және кеңейту» жұмыстарына  2025 жылы облыстық бюджеттен 38 123,2 мың теңге бөлініп, осы   қаржыға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген болатын 2026 жылы қалған қаржысы толық бөлініп, құрылыс жұмыстары басталуда.Үстіміздегі жылы нысан толық аяқталып пайдалануға қабылданады.

«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылы, Абылайхан көшесі бойындағы дәрігерлік амблутория ғимаратын газбен жабдықтау құрылысына» облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Ауданның Еңбек, М.Шәменов ауылдық округіндегі электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына демеушілік есебінен жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Сонымен қатар Жалағаш кентінің темір жол желісінің отүстік бөлігіндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын (электр беру желілерін) салу» құрылсынада жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтті. 2026 жылдың ақпан айында  2026 жылға №01-2/250 санды хатпен Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік сұраным тапсырылды.

Жалағаш кентінің бас жоспарына түзету енгізуге жеңімпаз мекеме «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС болып анықталды. Сонымен қатар Жалағаш кенті, «Наурыз» 110 га және «Дәуімбай-2» 68 га егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуші жеңімпаз мекеме болып «Сантех-Строй Проект» ЖШС болып анықталды.

Жалағаш ауданы, Есет батыр, Мәдениет, Бұқарбай батыр ауылдық округі елді мекендерінің дамыту және құрылысын салу схемасына түзету енгізуге жеңімпаз мекеме болып «KAZGEOSAULET» ЖШС болып анықталды. Жобалар бойынша жұмыстар толыққанды жүргізілуде. Қазіргі таңда жобалар сараптамадан өтуге әзірленуде.

Цифрландыру
Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
2026 жылдың І тоқсаны бойынша Жалағаш ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі
07 апреля 2026

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді  Жалағаш ауданы бойынша 5 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкімі аппараттары көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 106  қызмет түрі көрсетіліп келеді.

Атап айтқанда:

1) Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi  бойынша 22  қызмет түрі;

2) Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша 10 қызмет түрі;

3) Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі бойынша 28 қызмет  түрі;

4) Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 13 қызмет түрі;

5) Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бойынша 13 қызмет түрі;

6) Жалағаш ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі бойынша  20 қызмет түрі.

Үстіміздегі жылдың   айында  тұрғындарға барлығы 1543 қызмет көрсетілді.

Нақтысы:

-мемлекеттік органдарда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -   14 қызмет;

-мемлекеттік корпорация (ЦОН) арқылы – 19 қызмет;

-электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –  1166 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны – 344 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін оңтайландыру мақсатында қазіргі таңда аудан бойынша 53 өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда (ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, балабақшаларда, мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында). Аталған бұрыштарға жауапты мамандар бекітіліп, бүгінгі күнге 530 мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы көрсетілуіне оң септігін тигізуде.

Қызмет сапасын одан әрі жақсарту мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік қызмет көрсететін органдарда ішкі бақылау жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылға арналған  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес есептік кезеңде ішкі мемлекеттік бақылау шараларымен 1 объекті қамтылды.

Оның ішінде:

дербес бөлім -1

Жалағаш ауданында 2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
07 апреля 2026

2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен Жалағаш ауданының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан «Е-өтініш» платформасы арқылы барлығы 232 өтініштер түсіп, 34 өтініш басқа ақпараттық жүйеге жіберілгеннен кейін 198 –і орындалуға алынды. 

Оның ішінде:
85 өтініш  - аудан әкімі аппаратына;
113 өтініш  - Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мекемелерге.
         Қазіргі таңда аудан тұрғындары арасындағы көтеріліп отырған өзекті мәселелердің  көрсеткіштері төмендегідей:

2026 жылдың 3 айы

бойынша өтініште көтерілген салалары

% көрсеткіш

1.

Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі

114 (57,6%)

2.

Әлеуметтік және жұмыспен қамту

14 (7,1%)

3.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

21 (10,6%)

4.

Білім және денсаулық сақтау мәселесі

0

5.

Ішкі саясат, ономастика

2 (1%)

6.

Кәсіпкерлік

3 (1,5%)

7.

Мәдениет және спорт

6 (3 %)

8.

Тұрғын үй мәселесі

2 (1 %)

9

Мемлекеттік сатып алу

11 (5,6%)

10

Басқалары

25 (12,6 %)

Барлығы

198

2026 жылдың 1 тоқсанында жергілікті атқарушы органдарға түсіп орындалуға алынған 198 өтініштердің:
- 7 өтініші немесе 3,5% құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;
- 41 өтініші немесе 20,1% ішінара немесе толық қанағаттандырылды;
- 25 өтініші немесе 12,6% өтініш тоқтатылды;
- 108 өтінішіне немесе 54,4% заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;
- 18 өтініш немесе 9,1 % орындалу мерзімі бар өтініштер.

Азаматтарды жеке қабылдауға  қатысты

 

2026 жылдың 3 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардан аудан әкімінің жеке қабылдауына 7 жеке қабылдау өткізіліп, 34 азамат қабылданды.

Бүгінгі күні жеке қабылдауда 16 азамат кезекте тұр.

Қанағаттандырылды - 5

Заңға сәйкес түсіндірілді – 29

Талдау көрсеткендей, жеке қабылдауда азаматтармен негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер мәселелері көтерілуде.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру-28, тұрғын үй және коммуналдық-шаруашылық-3, жер мәселесі-3

Аудан әкімі аппаратының ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан жұмыс бөлмесінде өтініштерді шұғыл түрде жолдау үшін «Фронт-кеңсе»  азаматтарға арналған.

Жастар
Аудандық жастар саясаты саласында 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы
07 апреля 2026

Жалпы статистикалық мәлімет;

Жалпы статистикалық мәлімет - Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 816 (30,1%) жас тіркелген, , оның ішінде 5885 - ер азаматтар, 4931 - әйел.

  Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор саны – 1, кеңесшілер саны – 6). Жалағаш ауданы бойынша жастар арасында қоғамдық саяси ахуал тұрақты.  1 кент және 14 ауылдық округтер бойынша жастар ісі жөнінде мамандар бар.

Жергілікті қаржыландыруы (орталықтың аппаратына, әлеуметтік жобаларға бөлініс) - Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 2026 жылға 27 787,0 млн.теңге бөлінді.

NEET  санатындағы жастармен атқарылған жұмыстар;

«Отбасылық цифрлық картасы» базасын өзектендіру, сондай-ақ NEET санатындағы және маргинал жастарды анықтау мақсатында жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және волонтерлар адрестік жұмыстар жүргізуде.

Жұмыс барысында әрбір жаспен жеке байланыс орнатылып, олардың әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жан-жақты зерделенуде. Мақсат – нақты көмекке мұқтаж жастарды анықтап, оларды мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктеріне бағыттау. Сонымен қатар, кездесулер барысында жастарға арналған “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны”, “Дипломмен ауылға”, “Кәсіпкерлікке қолдау” секілді бағдарламалар таныстырылып, кеңес берілуде. Бұл жұмыстар жастардың қоғамнан шет қалмауына, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына және еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етеді.

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстар;

Жалағаш ауданы бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайыз. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 2026 жылдың 30 наурызына Мансап орталығына 752 адам хабарласса, оның 219-ы немесе 29,1 пайызы жастар. Субсидияланған жұмыс орындарына және тұрақты жұмыс орнына 404 адам жолданған болса, оның ішінде 81-і немесе 20 пайызы жастар. Атап айтқанда:

- жастар практикасы - 1;

- қоғамдық жұмыс – 266 адам, оның ішінде 25 жас;

- тұрақты жұмыс орнына – 115 адам, оның ішінде 47 жас;

- «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқуға-18 адам, оның ішінде 8 жас;

- «Күміс жас» жобасына- 4 адам;

Мемлекеттік атаулы көмек 14-35 жас аралығында 26 отбасыға тағайындалған.

2026 жылдың ІІІ айында Жалағаш ауданы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2686 бірлікті, (1320 дара кәсіпкер, 223 заңды тұлға, 1143 шаруа және фермер қожалықтары) немесе 42 пайызын 18-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр.

Денсаулық сақтау және құқықбұзушылық бағыты бойынша (ертежүктілік, суицид, пробация және т.б. шаралар);

Жалағаш ауданы жастарының қатысуымен суицидтің алдын алуға бағытталған бейнеролик әзірленіп, қоғам назарына ұсынылды. Бұл бейнеролик –өмірдің мәнін ұғындыру, қиын сәттерде қолдау көрсету және әр жанның өмірге қайта ғашық болуына жол ашу мақсатында дайындалды.

Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және түнгі уақытта заңбұзушылық әрекеттерге жол бермеу мақсатында кешкі рейдтік жұмыстар жыл басынан бері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі және басқа да құқыққа қайшы әрекеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.         Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өтті.  Кездесу барысында сала мамандарының  қатысуымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пробация талаптарын сақтау мен қайта қылмыстың салдары түсіндірілді. Азаматтарға заң аясында өмір сүрудің маңызы, қоғамға пайдалы мүше болудың жолдары көрсетілді.

 Экологиялық іс-шаралар

Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында ауданымызда аудан жастарының қатысуымен тазалық жұмыстары өз жалғасын тауып келеді.

 Білім саласы бойынша (жалпы оқу орындар саны, 9-11 сынып оқушылар саны, студенттер саны және т.б.);

  Жалағаш ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 20 орта білім беру ұйымы бар. Аталған ұйымдарда 9–11 сыныптарда 1106 оқушы білім алуда. Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде қазіргі таңда 256 студент түрлі мамандықтар бойынша білім алып, еңбек нарығында қажетті білікті маман ретінде қалыптасуда.

Жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы;

2026 жылдың 3 айында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдетілген несие (21-35 жасқа дейін) жастар кәсіпкерлігін бастау немесе дамыту бағытында 90,1 млн теңгені құрайтын 11 жоба жас кәсіпкерлердің құжаттарыжинақталып ұсынылды. Оның 56,3 млн теңгені құрайтын 6 жоба жас кәсіпкерлер қаржыландырылды. 

Еріктілермен жұмыс жасау бағыты бойынша;

Аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Jalyndy jas” еріктілер клубы аудан тұрғындары арасында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шара барысында халық көп шоғырланған орындарда, атап айтқанда «Далида» және «Тәбәрік ата» сауда үйлерінде тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің түрлері, одан сақтану жолдары және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы туралы ақпараттар берілді. Аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Jalyndy jas” еріктілер клубының ұйымдастыруымен игі шара өтті. Ауданымызда ауа райының қолайсыздығына қарамастан, электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын атқарып жүрген арнайы бригада қызметкерлеріне алғыс білдіріліп, ыстық кофе мен шай ұсынылды.

Осындай суық күндері ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі – зор құрметке лайық. Жастар тарапынан көрсетілген бұл шағын ілтипат – үлкен ризашылықтың белгісі.

Жас отбасылармен жұмыс жасау бағыты бойынша;

2026 жылы 1 тоқсандағы некеге тұрғандар саны- 15 отбасы.

18-35 жас аралығындағы отбасы саны – 11 отбасы.

2026 жылы орталық қызметкерлерімен тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының қатысуымен барлығы 10 рет кездесулер ұйымдастырылды.

Жастар арасындағы ахуалы және өткізілген сауалнамалар (тақырыбы, респондент саны, қысқа талдау) туралы;

 Жастар арасында волонтерлік қозғалыстың даму деңгейін, оған қатысу белсенділігін және жастардың көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға әртүрлі жас санатындағы жастар қатысып, олардың волонтерлік қызметке қызығушылығы, мотивациясы және осы бағыттағы ұсыныс-пікірлері зерттелді. Зерттеу нәтижелері жастар арасында волонтерлік қызметтің маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетіп, аталған бағытты одан әрі дамытуға негіз бола алады.

 Жалағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен ауданда «Алкогольсіз кент» тақырыбы аясында кент тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың алкогольсіз орта қалыптастыруға деген көзқарасын анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау. Сауалнама нәтижелері алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге негіз болады.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2026 жылдың І тоқсаныңда атқарылған жұмыстары туралы
07 апреля 2026

Жалағаш ауданы бойынша 17 мәдениет ұйымдары жұмыс жасайды. Мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 1 аудандық, 6 ауылдық мәдениет үйі мен 9 ауылдық клуб кәсіпорындары, 4 халықтық  ұжым, №1 және №2  жылжымалы  мәдени-демалыс  кешені  халыққа  мәдени  қызмет  көрсетеді.

2026 жылы балалар мен жасөспірімдердің мәдени тәрбиесін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған үйірмелермен қамту бағытында 109 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасап, оған тартылған өнерпаздар саны - 1200-ге артты. Оның ішінде 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысатын үйірме -81, қатысушылар саны - 867.

Үйірме қатысушылар 2026 жылдың I тоқсанында 1 - халықаралық, 5 - республикалық, 8 - облыстық, 1 - аудандық байқауға қатысып жүлделі орындар иеленді.

 «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, балалар мен жасөспірімдерді мәдени тәрбиемен қамтуға бағытталған түрлі форматтағы 374 іс-шаралар: оның ішінде театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар, фестивальдер, көрмелер, сұхбаттар, акциялар ұйымдастырылды. Оған 40 980  көрермен тартылды.

Биыл жыл басынан бастап "Алтын-Арай" халық ән-би ансамблінің аудан тұрғындарына арналған жаңа бағыттағы “Біздің концерт” атты шығармашылық кеші, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының студенті, халықаралық, республикалық дәстүрлі әншілер байқауларының жүлдегері Д.Аңсағанмен кездесу кеші, «Нәзік жанды агроном» атты облысқа танымал бас агроном, туған жеріміздің мақтанышы «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері Асқарова Ханбибі Дуланқызымен кездесу кеші, жас ақын Дидар Өмірзақтың «Ақ бұлттарды алақанға қондырып» атты жыр кітабының тұсаукесер рәсімі, қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай, «Соғады жүрек...» атты әдеби-сазды кеші, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Руханият орталығында аудан әкімінің қабылдауы, аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде концерттік бағдарлама өткізілді.

Сонымен қатар наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні орталық алаңда аудан әкімі А.Ибраимовтың қатысуымен 14 наурыз күні – «Амал» мерекесіне орай  арналған «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен қауышу» атты  театрландырылған қойылым, мерекелік концерт өткізілді, іс-шара аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі, наурыз көже мен ыстық бауырсақтар әзірленіп аудан тұрғындарына таратылса, жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. 15 наурыз қайырымдылық күні - қарсаңында «Наурыз шапағаты» атты қайырымдылық акциясына аудан тұрғындары, кәсіпкерлер мен еркітілер тартылып тұрмысы төмен отбасылар және көпбалалы жалғызбасты аналарға азық-түлік себеттері таратылды. 16 наурыз мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні - Жалағаш кентінің орталығында ауылдық мәдениет үйлері мен клубатырының қатысуымен «Көне дәуір күмбезі» атты III дәстүрлі ұлттық өнер фестивалі ұйымдастырылды. 17 наурыз шаңырақ күні - Руханият орталығында аудан көлемінде бірлігі мен берекесі жарасқан, көпке үлгі болып отырған «Алтын той» иелеріне құрмет көрсетілді. Сонымен қатар Руханият орталығында аудан ардагерлері арасында "Баталы елге бақ қонар" атты аудандық бата беру байқауы өткізілді. 18 наурыз ұлттық киім күні - Руханият орталығында «Әсем қадам» атты қазақ халқының ұлттық, сәндік киімдерін көрсетуден аудандық фестивалі ұйымдастырылды. 19 наурыз жаңару күні - «Наурыз – жаңару» атты Жалағаш кентінде және барлық елді мекендерде көркейту-көгалдандыру жұмыстары, орталық стадионда аудан әкімі А.Ибраимов және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен тал егу акциясы өткізілді. 20 наурыз ұлттық спорт күні - аудан әкімі А.Ибраимов және аудан ардагерлері мен қызметкерлерінің қатысуымен ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды, Жалағаш кенті Әйтеке би көшесінен бастау алған ұлттық киімдер шеруі А.Ізтілеуова көшесіндегі спорт кешені ауласындағы ұлттық спорттық сайыстарды тамашалады. 21 наурыз ынтымақ күні - Жалағаш ауданына қарасты ауылдық округтерде «Береке басы – әз Наурыз» атты мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды. 22 наурыз жыл басы күні - Жалағаш кентіндегі орталық стадионда қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық тағамдар көрмесі және наурыз көже қатары орналасып тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Іс-шара барысында киіз үйлер қатары бой көтеріп, ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Іс-шара аясында  "Нұр себеле, Әз Наурыз" атты театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

КІТАПХАНА ІСІ

Жүйе бойынша 354  мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 8845  оқырман қамтылған. Кітап қоры – 378534, мемлекеттік тілде – 235610.Оқырман саны – 4 999, кітап берілімі – 92 132, келушілер саны – 40 045.

Аудан кітапханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық кітапхана қорындағы 917 дана жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен 2512 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге 456 оқырманның пайдалануына мүмкіндік берілді.

Сондай-ақ, цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытында «Руханият» орталығында электронды залдың мүмкіндігі жоғары. Оқырмандар Қазақстандағы кітапханалардың жиынтық электрондық каталогына, "kazneb.kz" мобильді қосымшасында тиімді пайдалануда. Қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында аудандық кітапхана түнгі мезгілде жұмыс жасауда.

Жалағаш ауданы бойынша тарихи-мәдени объектІ саны - 58, оның ішінде республикалық маңызы бар - 1,  жергілікті маңызы бар ескерткіштер - 54, алдын ала есепке алынған - 3. Қазіргі таңда 54 ескерткіштің жер құқығын растайтын құжаттары рәсімделген.

Облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның қортындысымен 2026 жылдың 1 ақпанына жаңадан 3 ескерткіш қосылды. Қазіргі таңда аталған 3 ескерткіш бойынша құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. (Аққыр елді мекеніне Байбақты мұнарасы, Ешмұхаммед молда мешіті, Қаракеткен елді мекенінде Шәмпі мұнарасы ескерткіші қосылған).

Мемлекеттік органдардағы тілдік ахуалға жүргізілген мониторинг нәтижесінде мемлекеттік тілдегі шығыс құжатының үлесі 100 пайызды құрап отыр.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарының сақталуына қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 12 кәсіпкерлік субъектілеріне (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, сән салондары, т.б.) мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аудандағы шағын және орта бизнес өкілдеріне көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау және реттеу мақсатында whatsapp, телеграмм әлеуметтік желілері арқылы әдістемелік көмек  көрсету ұсынылған.

 

Жер қатынастары
Ауылшаруашылығы
Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2026 жылы I тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы
07 апреля 2026

Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылы 42178 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде күріш дақылы 16800 га, бидай 576 га, мақсары 595 га, арпа 50 га, сұлы 5 га, соя 152 га, дәндік жүгері 7544 га, қант құмайы 371 га, жаңа жоңышқа 4850 га, ескі жоңышқа 8150 га, картоп 250 га, көкөніс 1115 га, бақша 1300 га.

Көктемгі егін орналастыру жұмыстарына қажетті күріш, бидай, мақсары, арпа, сұлы, соя, қант құмайы, жоңышқа тұқымдары бүгінгі күнге 95 пайыз дайын.

Сондай ақ, егінді күтіп баптауға қажетті 11400 тн минералдық тыңайтқыштың бүгінгі күнге 6448 тн (56,6%), 21000 литр гербицидтің 1050 литрі  (5,0%) дайын.

Егін орналастыру жұмыстарына қатысатын 1155 дана ауылшаруашылығы техникалары бүгінгі күнге толық дайын.

Шаруашылық құрылымдары тарапынан егін орналастыру жұмыстарына қажетті 11 млрд. 393,3 млн теңге қаржының бүгінгі күнге 4 млрд. 212 млн теңгесі (37,0%) дайындалды.

Шаруашылықаралық каналдардан 18,3 мың м3 тазарту жоспарланып, қазіргі таңда 10,2 мың м3 (55,7%) тазартылды, ішкі шаруашылық каналдардан 165,3 мың мз тазарту жоспарланып, 83 мың м3 (50,2%) тазартылды. Шаруашылық каналдардан жөндеу жоспарланған 4 дана гидропосттар толық жөнделді, ішкі шаруашылық каналдардан 75 дана гидропост жөндеу жоспарланып, 35 дана (46,7%) жөнделді. 35 дана насос қондырғыларын жөндеу жоспарланып, 27 данасы (77,1%) жөнделді. 12 дана гидробекеттерді жөндеу жоспарланып, 1 данасы (8,0%) жөнделді,  8355 га ылғалдап суару жоспарлануда. Жоспарланған 15450 га шабындық жерлерді суарудың, қазіргі таңда 5805 га (37,6%) суарылды. 

Көктемгі егін орналастыру жұмыстарына «ГосАгро» сайты арқылы 61 құрылымнан 1941,7 тн жеңілдетілген дизель жанармайына өтінім берілді. Қазіргі таңда аудандағы 10 шаруашылық 132 тн (6,8%) жеңілдетілген дизель жанармайын алып, жұмыс жасауда.

2026 жылы 15000 гектарға лазерлік жер тегістеу жұмыстары жүргізілді. Тәжірибе көрсеткендей инженерлік жүйедегі жерлерді лазерлік тегістеу күріш дақылы егісінде суды үнемдеуде оң нәтижесін көрсетті. 

Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдары тарапынан 25 га жерге («Құрманбай Ата» ШҚ 10 га, «Бірлік-1» ШҚ 10 га, (Манақ баба» ШҚ 4 га, «Сәдуақас» ӨК 1 га) тамшылатып суару әдісімен картоп, көкөніс, бақша дақылдары орналастырылатын болады.

«АА Агро Қызылорда» ЖШС Қаракеткен ауылдық округінен жер ашып, биылғы жылы 7000 га жерге жаңбырлатып суару әдісімен жүгері дақылын орналастыруды жоспарлауда.

Қазіргі таңда ақ егіс орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 930 га жаңа жоңышқа, 157 га мақсары, 40 га бидай дақылдары орналастырылды.

Мал шаруашылығы туралы

 Аудан көлемінде 2026 жылдың 1 наурызына барлығы 33728 бас мүйізді ірі қара, 25203 бас уақ мал, 34124 жылқы, 748 бас түйе, 100 бас шошқа, 9904 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 106,3 %, жылқы 110,6%, түйе 103,7 %, уақ мал 102,25% , құс 103,7 % орындалды.

Барлығы 585 тн (тірілей салмақта) ет,  596,8 тн сүт, 77,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,2 пайызға, сүт 102,2 пайызға, жұмыртқа 100,3 пайызға орындалды.

Аудан бойынша 3 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Еркебұлан ЖК), 1 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Атамекен ШҚ) айналысуда.

Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып жұмыс жасауда 2027 жылы шаруашылық жанынан сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.

«Бақдаулет-57» ФҚ Чехия мемлекетінен 95 бас асыл тұқымды «Симменталь» сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып жұмыс жасауда, бүгінгі күнге сатып алынған малдың 72 пайызы төлдеп тәулігіне 700  литр сүт өндіруде.

Азық – түлік туралы 

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 31 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Атап айтқанда: ұн, нан, рожки, қарақұмық жармасы, ақ күріш, картоп, сәбіз, жуа, қырықабат, қызынақ, қияр, алма, қант, өсімдік майы, сүйегі бар сиыр еті, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйексіз, жылқы еті сүйексіз, балық, тауық еті, тауық ұшасы, сүт майлылығы 2,2-6%, айран майлылығы 2-3%, қаймақ, сүзбе майлылығы 5-9%, ірімшік майлылығы 40-50%, сарымай, тауық жұмыртқасы, қара шай, ас тұзы.

2026 жылдың 16 наурыз бен 26 наурыз (1 апта) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағалары бойынша 31 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде 4 өнімнің бағасы арзандаған.

Ақ күріш-1 % (5 теңгеге), жуа-7 % (10 теңгеге), қырыққабат-10 % (25 теңгеге),   қияр-14 % (150 теңгеге).

2 өнімнің бағасы қымбаттаған.

Сәбіз-12 % (35 теңгеге), тауық жұмыртқасы-15 % (9 теңгеге).

25 өнімнің бағасы тұрақты

Ұн, нан, рожки, қарақұмық жармасы, картоп, қызанақ, алма, қант, өсімдік майы, сүйегі бар сиыр еті, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйексіз, жылқы еті сүйексіз, балық, тауық еті, тауық ұшасы, сүт майлылығы 2,2-6%, айран 2-3 %, қаймақ, сүзбе майлылығы 5-9%, ірімшік майлылығы 40-50%, сары май, қара шай, тұз.

26 ақпан мен 26 наурыз (1 ай) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 31 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде

6 өнімнің бағасы қымбаттаған.

5 өнімнің бағасы арзандаған.

20 өнімнің бағасы тұрақты.

Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 509,7 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар.

 Анықтама үшін:

Ұн-105 тн, күріш-100 тн, қант-30 тн, макарон-100 тн, күнбағыс майы-36 тн, тұз-34 тн, жуа-26 тн, картоп-28 тн, сәбіз-10 тн.

Ауданда азық-түлік өнімдерінің бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесімен азық-түлік өнімдерін жоғары бағада сатқан кәсіпкерлер тиісті мекемелерге шара қолдану үшін ұсынылуда.

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында 2026 жылдың 17 қаңтар мен 15 наурыз күндері аудан орталығында  ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрменкеде азық түлік өнімдері аудандағы сауда орындарындағы бағалармен салыстырғанда 10-12 пайызға төмен ұсынылды.

Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.      

Жер мәселесі туралы

Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды, оның ішінде 591 563 гектары Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған. Бұдан басқа Жалағаш аумағының 11 149 гектар жері Ресей Федерациясына пайдалануға  берілген.

Санаттар бойынша;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 298827,8 га,

Елді мекен жерлері – 42760 га,

Өнеркәсіп, көлік,  байланыс, қорғаныс жерлері – 16130,3 га,

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 61,7 га,

Орман қоры жерлері – 809482,2 га,

Су қоры – 14915,1 га,

Босалқы жерлер – 1691462,9 гектарды құрайды.

Аудан бойынша 33 016 гектарды құрайтын, жалпы саны 60 инженерлік тұрғыда әзірленген күріш ауыспалы егіс жүйесі, 1 мал азығындық және 1 картоп ауыспалы егіс жүйелері бар.

Аудан бойынша жерді қашықтан зондтау нәтижесімен анықталған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге пайдалану жағдайына талдау жүргізіп, шаруашылықтарға мал басын тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру, жайылымдарда –  жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайыздан жоғары ауыл шаруашылығы малдарының тіркеу қажеттілігі жөнінде шаруашылықтар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 450 гектар болатын 3 жер учаскесіне жалдау мерзімі ұзартылды.

Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге жалпы көлемі 419 гектар болатын 3 жер учаскелері мемлекет жер қорына қайтарылды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында жалпы көлемі 428 гектар болатын 4 жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға табыс етілді.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес 2026 жылы 102 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Білім
Аудандық білім беру саласы бойынша 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы
07 апреля 2026

Мектепке дейінгі ұйым  

Ауданда  38 мектепке дейінгі ұйымда (10 мемлекеттік,  жеке балабақша 27, 1 шағын орталық)  2483 бала тәрбиеленуде ( МАД-595 ).    Қамтылу көрсеткіші 3-6 жас 1871  бала 100%, 2-6 жас  2483 бала 93,1 %.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және талаптардың сақталуы мен қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету үшін жоспарлы мониторинг жүргізіліп отырады.            Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі комиссиялардың құрамы білім бөлімі басшысының бұйрығымен бекітілді.            Ережеге сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарды тізбеге енгізуді конкурс комиссиясының хаттамасы негізінде білім беру бөлімдері жүзеге асырып,  білім бөлімінің әлеуметтік парақшасына хабарландырулар жарияланып отыр.Мемлекеттік білім беру тапсырысы 935 орындық 11 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға, 2040 орындық 27 жекеменшік балабақшаға орналастырылған.

2026 жылы 1 балаға мемлекеттік тапсырыс сомасы әдістеме бойынша ауылда ЖБ-51836 теңге теңгені құрап отыр. Ата-ана төлем 5000-нан 7000-ға дейін.

Балабақшаларда  консультациялық пункттер ашылып, балалары балабақшамен қамтылмаған 51 ата-анаға тұрақты кеңестер берілді.

МДҰ жұмыс жасайтын 334 педагогтардың (жоғары-215, арнаулы-119) 9-зерттеуші (1,8 пайыз), 58-сарапшы (11,6 пайыз)  110-модератор санатында (33,1 пайыз), санатсыз-157) 2025 жылы 37  педагог курстан өткізілді.

Инфрақұрылым бойынша, материалдық база

2025 жылы жәй жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы 71202,0 мың тг.

Реновацияға енген Мырзабай ахун ауылы №122 орта мектеп  (мектеп ғимарат сырты қапталады,  есіктері ауыстырылады, 2 этаж дәліз кафель ауыстыру жұмыстары жасалады, жылу жүйесі ішінара, электр желілері, су құбырлары ауыстырылады, ауласына абаттандыру жұмысы жасалады, пән кабинеттері, дәліздері сыланып, боялады) Қаралған қаржысы 200,0 мың теңге.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының брендингі және білім беру ұйымдарын безендеру дизайн қалыптастыру бойынша Брендбук жобасына орай 4 млн 400 мың теңге  қаралып Бұқарбай батыр ауылындағы №33 мектепке (1 млн 900 мың), Еңбек ауылына №232 мектепке (1 млн), кент орталығындағы №31 мектеп гимназиясына (1 млн 500 мың) безендіру жұмыстары жасалды.

Цифрландыру бойынша мектептердің барлығы интернет желісіне қосылған. Компьютерлер  паркі 100% жаңартылған.

Барлық мектептер «BilimLand» электронды платформасына қосылған. Бүгінгі күнге мектептердің 90 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.

2025 жылы цифрландыру бағытында «Қазақстан халқына» қоры есебінен  200 млн қаржыға 7 мектептің 3 пәндік кабинеттері жабдықталуда. Бұқарбай ауылы №33 мектеп, Мәдениет ауылы №32 мектеп-лицей, Т.Жүргенов ауылы №117 мектеп, Аққум ауылы №38 мектеп, Жалағаш кентінде орналасқан №202,246 мектептер.

Қауіпсіздік бағытында  100 пайыз бейне бақылау жүйесімен қамтылған. 20 мектеп полиция бөлімімен интеграция жасалған.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына (10 мемлекеттік балабақша), қосымша білім беру ұйымдары Оқушылар Үйі, Өнер мектебі, «Ақтерек» сауықтыру лагеріне  53 млн 592 мың теңгеге бейне камералар орнатылды. Дабыл түймесін орнатуға 6 млн 215 мың теңге қаралды.

Жол картасының 82 - тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытталған сәйкестендіру карточкалары жүйесімен қамтылған мектептер үлесі 50 % құрауы тиіс. Осы бағытта 3,5 млн теңге қаржы бөлініп, 2 мектепке (№246,31) аппараттық бағдарламалық кешен орнатылды. Бүгінгі таңда 5 мектепке ақпараттық бағдарламалық кешен орнатылды. Барлық мектептер интернет желісіне қосылған (11 мектеп «Транстелеком» АҚ, 9 мектеп «Қазақстелеком» АҚ  арқылы жұмыс жасайды.   

Оқу- әдістемелік кешен

Мектеп кітапханалардағы  барлық кітап қоры-  493 520 дана. Оның ішінде қазақ  тілінде-269 818 дана, орыс тілінде-18595 дана. Оқырмандар саны-8114 адам. Көркем әдебиеттер саны -195 636 дана оның ішінде  балалар кітапханасы 4546 дана. 17717  дана электрондық оқулықтар. Жыл сайынғы қордың өсуі-55379 дана.

 2026 жылға  оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне барлығы облыстық бюджеттен 101302,0 теңге қаржы бөлінді, қазіргі таңда тиісті  баспаларға сұраныс жасалуда.

 

Орта білім

20 мектепте 6885 оқушы білім алуда.

1-класқа қабылдау механизмі Еgov.kz электронды үкімет порталы арқылы  27 мамыр мен 1 тамыз аралығында мектепке қабылдау жұмыстары жүргізіледі.

Білім алушылардың білім жетістігін мониторингілеуге (МОДО) 2025 жылы  4 мектеп (№115,188,203,232) қатысса, 2026 жылы 6 мектеп бойынша 4-9 сыныптар (№123,118,117,33,122,124 мектептер) қатысады.

2024-2025 оқу жылы бойынша  PIZA халықаралық зерттеуіне 2 мектептен (№201-41 оқушы, №246-38 оқушы)  барлығы 79 оқушы қатысты, 2026 жылы PIRLS халықаралық зерттеуіне №246 мектеп (4 сынып бойынша 14 оқушы) қатысады.

2026 жылғы ҰБТ-ге  аудандағы 467 бітірушінің 398-ы, яғни 85,4 пайызы қатысу жоспарлануда.  

«Жас дарын» олимпиадалық резерв бойынша 150-ден астам оқушы қамтылды. Жалпы білім беретін пәндердің мұғалімдерімен облыстық және республикалық пәндік олимпиада тапсырмаларын талдау жұмыстарын жүргізу үшін «Олимпиада күнделігі» жобасы енгізілді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша  «Қамбаш» Олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтары базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары 3 кезең бойынша 96 (64%) оқушымыз дайындық курстарынан өтті.   Түрлі танымдық байқауларға облыстық деңгейде  300-ден астам оқушы қатысып 182 орын (46%), ал республикалық деңгейде 29   жүлделі орын еншіледі.

2025-2026 оқу жылының  Республикалық Ауыл мектептеріне арналған олимпиадаға облыстық кезеңге 106 оқушы қатысып Республикалық кезеңге 22 оқушы жеңімпаз атанып жолдама алды. Республикадан 8 оқушы 3 Алтын медаль жүлделі І орын, 2 оқушы Күміс медаль ІІ орын, 3 оқушы  Қола медаль, ІІІ орын иеленді.

Педагогтардың кәсіби даму

Мектеп директорларының сапалық құрамы біліктілік санаттары бойынша 11 педагог-зерттеуші, 9 педагог-сарапшы.Басшылық деңгей бойынша 2 мектеп директоры І ші деңгей, 10 мектеп директоры «басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», ІІ-ІІІ деңгей біліктілік санаттары бар (60%).

Ауданда 20 мектепте  429 класс жиынтығында 6885 оқушы білім алуда. Оларға 1255 мұғалім сабақ береді. Педагог - қызметкерлердің 1221-і жоғары білімді, 34-ы арнаулы орта білімді. Біліктілік санаты бойынша 313-і жоғары ( 24,9 пайыз), 375-і педагог-сарапшы санатында болса (29,8), 400-і педагог-модератор санатты педагогтар (31,8 пайыз). 

Біліктіліктері бойынша кезең-кезеңде курстан өткізілуде                        2025 жылы   257 педагог, 15 мектеп директоры, 44  мектеп директорының орынбасарлары біліктіліктен өткізілді.

Ауданда 1258 педагогтың магистр дәрежесі бар педагогтар саны-88 (6,9%).

Тәрбие жұмысы

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы басшылыққа алынып жұмыс жасалуда.

Барлық білім беру ұйымдарында оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылар арасында белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, ұлттық құндылықтар мен рухани-адамгершілік тәрбиені насихаттау жұмыстары жүзеге асырылуда.

«Мектеп парламенті» өзін өзі басқару ұйымы 3048 оқушы, «Мектеп театры» жобасына 180 оқушы,«Дебат» ойындары 88 оқушы,  «Оқуға құштар мектеп» жобаларымен 2789 дан астам оқушылар қамтылды.

 «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Өзіңе және өзгеге жақсылық жаса», «Ғаламтор қауіпсіздігі», «Еңбегі   адал жас өрен»,«Тоғыз  айға  9 іс-шара», «Төрт тоқсан- төрт өнер», «Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы,  «Балаларкітапханасы» жобалары бойынша былтырғы оқу жылында нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

Жоба аясында 150-ден астам шаралар өткізіліп, 4000-нан астам оқушылар қамтылды «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары»  ашылып, ай сайын психологиялық-педагогикалық білім беру сабақтары ұйымдастырылды. Шараға 1800-ден астам ата-аналар қамтылды.

 «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты құндылыққа негізделген тәрбие жұмысы басшылыққа алынып жұмыс жүруде. Білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту мақсатында сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде  «Қамқор»,  «Еңбегі адал жас өрен»,  «Шабыт»,  «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Балалар кітапханасы»    әлеуметтік жобалары  назарға алынып 50-ден астам шаралар өткізіліп 3500-ден астам оқушылар қамтылды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының аумағында оқыс жағдайлар орын алған жоқ.

2026 жылдың 3 айымен  суицид жағдайы орын алған жоқ. «»Психологиялық қолдау тобында 30 бала есепке алынып, дәрігерге қаралып тиісті профилактикалық шаралар жүруде.

Қосымша білім беру ұйымдарына қамту

Оқушылар Үйіне – 18 үйірмеге 460 бала, Өнер мектебіне  мектебіне                7 үйірмеге  160 бала білім алса, №202 орта мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығына- 26 үйірмеге 469  бала қамтылған.

Аудандық  спорт  мектептеріне – 1170 бала қамтылған.

 Мектепішілік 669 үйірмеге 4058 бала қамтылған. (88,4 % пайызды құрайды).

Сонымен бірге, кент орталығындағы №201 мектеп-лицей жанында «Мұрагер» оркестр сыныптары жұмыс жасап, оған  140 бала қамтылып отыр.

Әлеуметтік сала

Бүгінгі таңда 2096  аз қамтылған әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары қалыптасқан.

 Жетім ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған 29 бала. Оның ішінде  қорғаншылық және қамқоршылық тәрбиесінде-27, патронтаттық тәрбиеде-2.

Аталған отбасы балалары бір мезігіл ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылады және  бір жолғы қаржылай көмекпен 100 пайыз  қамтылды. Бүгінгі таңда міндетті оқу қорынан бір жолғы қаржылай көмек  алуға 2096 балаға 97980,9 қаржы жоспарланды (1 балаға 48,771,0 теңге).

Инклюзивті білім  Ауданда мектептерде 80% (16 мектеп), балабақшаларда 100 % (10 балабақша)  инклюзивтік білім алуға жағдай жасалған.

Бүгінгі күні 343 ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып отыр. 169 бала мектепте, 22 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 54 бала үйден оқытылуда, 60 бала балабақшада, 43 бала психологиялық-педагогикалық түзету, 45 бала ресурстық орталықта, 30 бала логопедиялық пункте   түзету сабақтарын алуда. Жұмыс жасайтын пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда арнайы инклюзивті курстар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. 1255 педагогтың  701 педагог 215 (55,6%) арнайы инклюзивті курстан өткен.

Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру

Тасымал бойынша Жаңақоныс елді мекенінен Таң ауылы №118 мектепке 23 бала 2 ауысымда  тасымалданады. Мектеп балансында 2022 жылы берілген автобус бар. Тасымалға қаралған қаржы 5 млн 690,0 мың теңге.

Социальные сети
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
instagram
youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты