Жүргізушілердің жарыса айдайтыны, жылдамдықты асыратыны, кестемен уақытылы жүрмеу, сөйлесу мәдениеті бойынша қай қалада болмасын, осы мәселе жиі көтеріліп жатады.
Балмейір Сансызбайұлы осы жайт бойынша «Қызылорда» автобус паркінің жұмысымен танысып, жүргізушілерімен кездесті.
Қызылордада жолаушылар үшін 8 түрлі төлем әдісі қарастырылған. Электронды төлем арқылы автобусқа күніне 50 мыңға жуық тұрғын мінеді.
Тағы айта кетерлігі, автобустарда жылжымалы электронды кітапханалар іске қосылған. Сонымен қатар, «2GIS» қосымшасы арқылы қажетті бағыттың қайда келе жатқанын көруге мүмкіндік бар.
Мұнда қала бойынша және қала маңына арналған барлығы 34 маршрут ұйымдастырылған. Бұл компаниялар арқылы 380 жергілікті тұрғын жұмыс орнымен қамтылып отыр. Бүгінгі күнде қалада жалпы есептегенде 360 автокөлік қызмет көрсетеді.