2025 жылдың І тоқсаны Жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

2025 жылдың І тоқсаны Жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

 І. Автомобиль көлігі. 2025 жылы облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) – 99 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.

Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1069 дана автобус пен жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 6,9 млн жолаушы тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 29,5 % жоғары.

Ауданаралық (қалааралық облысішілік) әлеуметтік маңызы бар
5 маршрут бойынша 2,3 млн. теңге игерілді.

Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде.         Қызылорда қаласының сол жағалауында жоба құны 975 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Жаңа автовокзал Қызылорда қаласы әкімдігімен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің меншігіне беріліп, 2025 жылы өз қызметін көрсетуде.

Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында 2022-2024 жж. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7% лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 300 дана «Yutong ZK6852 HG» автобус алынды.

2025 жылы «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық
32 маршрутты қамтып отыр.

Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.

ІІ. Әуе көлігі. 2025 жылы «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 29 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 18, Алматыға – 11 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда.

2025 жылдың 1 тоқсанда әуежайдан 43,9 мың жолаушы жөнелтілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,0 % артып отыр.

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр ОлжасБектеновтың қатысуымен Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ашылу салтанаты өтті.

Аталған жаңа жолаушылар терминалы, «Болат Өтемұратов қоры» Жеке қорының демеушілігімен салынды.

Атап айтқанда, «Болат Өтемұратов қоры» «Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасын іске асыруға 16,6 млрд. теңгені (33,0 млн. АҚШ долл.) арнайы бөлді.

Осы ретте,облыстық бюджеттен 4,3 млрд. теңге қаржы қаралып, Қызылорда қаласы әкімдігімен жаңа жолаушылар терминалына сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу (су, кәріз, электр және интернет желілерін тарту, бу қазандығы мен КНС,автотұрақтар, автомобиль жолын салу)  жұмыстары жүргізілді.

Жаңа жолаушылар терминалы алдағы уақыттаәуе көлігі көрсеткіштерін шамамен 7 есеге арттыруға мүмкіндік береді.Жолаушылар тасымалы көлемі 300мың жолаушыдан жыл сайын 2 млн жолаушыға дейін ұлғайып,жүк тасымалдау көлемі жылына 150 тоннадан 240 тоннаға дейін артады деп жоспарлануда. Жаңартылған «Қорқыт Ата» терминалы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

III. Темір жол көлігі.

  1. Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар. 

Облыс аумағынан барлығы 14 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.

Әлеуметтік маңызы бар №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 3,4 мың жолаушы тасымалданып 42,2 млн. теңге субсидия игерілді.

  1. Темір жол вокзалдары бойынша

Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы 2 ғимараттан - 1905 жылы салынған 1 қабатты ғимарат және 1969 жылы салынған 3 қабатты екінші вокзал ғимараттантұрады.

Анықтама:

- ескі вокзалдың жалпы ауданы - 832,1 м2;

- жаңа вокзалдың жалпы ауданы-1336,9 м2;

- теміржол вокзалында 2 жолаушы платформасы бар, жалпы ауданы – 2169 м2.

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратына, оның іргелес аумағына 600 млн теңгеден астам қаржыға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары.

Темір жол вокзалы аумағындағы сауда орындары ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдіктері аудандарда орналасқан темір жол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамалары әзірлеп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ- «Қызылорда магистралды желі бөлімшесі» филиалына жолданды. 2025 жылы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін қарауда.

Дата публикации
10 апреля 2025