«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама
Қызылорда облысы _« » ______2025 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ:
Топ жетекшісі:
Басқарма басшысының орынбасары |
|
У.Ибраев
|
Топ мүшелері: |
||
Стратегиялық бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы
|
|
А.Тілеубаева |
БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы
|
|
А. Қамбаров |
Мониторинг және талдау бөлімінің басшысы |
|
С.Сахиев |
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы |
|
А.Алиева |
ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы
|
|
Е.Сисенбиев |
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің бас маманы |
|
Р.Мұхат |
6.Басқарма басшысының орынбасары У.Ибраев топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық жасау, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
1) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) Басқарманың тапсырысымен орындалатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма құзіреті шегінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы) жастар саясаты, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету, волонтерлік қызмет, тілдерді дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру саласындағы функцияларды жүзеге асырады.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, басқарманың Ережесіне сәйкес іске асырады.
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
Басқарма қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процесстік кодексі;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңы;
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы Заңы;
Волонтерлік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі Заңы;
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы;
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы;
Қоғамдық бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңы;
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы;
Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңы;
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңы;
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңы;
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар миниистрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №75 бұйрығы негізінде «Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылдың 24 наурыздағы №514 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінен 2022 жылдың 31 наурызында №27331 нөмірімен тіркеліп, Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы №12 қаулысымен күші жойылды. (Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы)
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы. Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ Заңы күші жойылды, орнына жаңа заң «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ. бекітілді.
ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
Кадрлық құрам бойынша 2024 жыл.
Басқарма құрылымында штат саны бойынша - 22 мемлекеттік қызметкер, нақты мемлекеттік қызметшілердің саны 22 адам және 17 штаттан тыс қызметкер жұмыс атқарды.
Штаттық құрылымның өзгеруі бойынша:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 56-бабына және «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №231 қаулысына сәйкес, басқармада екі бөлім бір бөлім болып біріктірілуіне байланысты, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, әлеуметтік жобалармен есеп айырысу және бюджеттік бағдарламалармен жұмыс бөлімі және мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ұйымдастыру бөлімі біріктірілді, 2024 жылдың 26 маусымынан бастап аталған бөлім атауы «Стратегиялық бағдарламаларды үйлестіру бөлімі» болып өзгертілді. (Әкімшілік және бухгалтерлік бөлімдері біріктірілген).
Кадрлық тағайындаулар мен босатулар бойынша:
Жалпы конкурс тәртібі бойынша -6 , ішкі конкурс тәртібі бойынша 3, ауыстыру тәртібі бойынша-3, іссапарда болу тәртібімен тағайындалған саны-1 (ҰҚК қызметкері).
Жұмыстан босатылғандар туралы:
1) Мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы Ш.Альмаханов 2024 жылдың 15 ақпанынан бастап басқа қызметке ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды. (№02-05/12 16.02.2024ж);
2) ҚХА хатшылығы – Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің бас маманы М.Жарылкасынова 2024 жылдың 14 маусымынан бастап басқа қызметке ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды. (№02-05/48 14.06.2024ж);
3) Басқарма басшысының орынбасары А.Қамбаров, басқарма басшысының орынбасары У.Ибраев 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап негізгі қызметкерлердің (Р.Каюпов, Қ.Әбілдаев) оқу демалысынан жұмысқа қосылуларына байланысты атқаратын қызметінен босатылды. (№02-05/56,№02-05/57 01.07.2024ж);
4) Мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы П.Көлбаева 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап басқа қызметке ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды. (№02-05/85 02.09.2024ж);
5) БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Е.Сисенбиев басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды. (№02-05/86 02.09.2024ж).
Кадрлық құрам бойынша 2025 жыл.
Басқарма құрылымында штат саны бойынша - 22 мемлекеттік қызметкер, нақты мемлекеттік қызметшілердің саны 22, 17 штаттан тыс қызметкер жұмыс атқарды.
Кадрлық тағайындаулар мен босатулар бойынша:
Жалпы конкурс тәртібі бойынша -0, ішкі конкурс тәртібі бойынша 0, ауыстыру тәртібі бойынша-0, іссапарда болу тәртібімен тағайындалған саны-0.
Штаттық құрылым өзгеруі бойынша:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңының
56-бабына және «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы №6 қаулысына сәйкес , басқармада құрылым бойынша өзгерістер енгізілді. Азаматтық қоғам институттарымен және жастар бөлімі біріктірілді. Барлығы 22 мемлекеттік қызметкер қалды.
Жұмыстан босатылғандар туралы:
Құрылым өзгеруіне байланысты, ұсынылған лауазымнан бас тартуына орай, 2 мемлекеттік қызметкер атқаратын лауазымдарынан босатылды. (басқарма басшысының орынбасары, азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің бас маманы).
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 7-тармағына және «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 6 қаулысына сәйкес, «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ-нің басшы орынбасары Қ.Әбілдаев, жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Н.Мыкбасов басқарма құрылымы өзгеруіне байланысты ұсынылған лауазымнан бас тартуларына орай 2025 жылдың 24 ақпанынан бастап атқаратын қызметтерінен босатылып, Қ.Ә. Әбілдаев пен Н.Мыкбасовқа төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленді. (№02-05/15, №02-05/16 24.02.2025ж)
Басқармада бос орындар бойынша :
Басқармада 2 мемлекеттік қызметкерлердің ұсынылған лауазымдарынан бас тартуына орай, 2 бос орын болды. (Басқарма басшысының орынбасары-ҚХА хатшылығының меңгерушісі, Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің бас маманы).
Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.
Басқарма бойынша 2024 жылы 3 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік шара қолданылды.
Атап айтқанда:
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басқарма басшысының орынбасары Ибраев Уәлихан Серікұлына 2024 жылдың 10 тамызы күні «Абай күні» шарасына ұйымдастырылған байқау шарасында тапсырманың сапасыз орындалуына жол бергені үшін және жұмыс барысында жіберілген кемшілігі үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған. (2024 жылғы 12 тамыздағы №02-04/31 санды бұйрығы)
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Әбжәлиева Алтынгүл Нағыметқызына 2024 жылдың 10 тамызы күні «Абай күні» шарасына ұйымдастырылған байқау шарасында тапсырманың сапасыз орындалуына жол бергені үшін және жұмыс барысында жіберілген кемшілігі үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған. (2024 жылғы 12 тамыздағы №02-04/33 санды бұйрығы)
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Қамбаров Артур Раушанбекұлына 2024 жылдың 10 тамызы күні «Абай күні» шарасына ұйымдастырылған байқау шарасында тапсырманың сапасыз орындалуына жол бергені үшін және жұмыс барысында жіберілген кемшілігі үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған. ( 2024 жылғы 12 тамыздағы №02-04/32 санды бұйрығы)
Басқарма бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызметкерге тәртіптік шара қолдануға байланысты.
1) 2025 жылдың 6 наурызы күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан басқармадағы жұмыс уақытына (артық жұмыс жасау фактілері анықталуына орай) байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шықты. (№25430075000004 06.03.2025).
2) Басқарма басшысы Р.Каюповке 2025 жылдың 17 наурызынан бастап Облыс әкімінің №58-ө өкіміне сәйкес, «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасында қызметкерлерді іріктеу мен тағайындау барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.
Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау.
Басқарманың конкурстары бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу конституциялық құқығын қамтамасыз етеді. Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау болған жоқ, заңға сәйкес конкурстық процедуралар өткізілді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер туралы» Заңында және өзге де заңнамасында белгіленгендерден туындайтын лауазымдық өкілеттіктері және жауаптылығы біліктілік талаптары негізінде айқындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттеріді атқаруға қабілетті және қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Басқармада біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері орын алған жоқ.
Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау.
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу кезінде хабарландырулар мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.
Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау фактілері болған жоқ.
Іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болмауы (бос орын туралы хабарландыруды орналастыру, құжаттарды қабылдау, әңгімелесу, тестілеу және т.б.).
Басқарманың конкурсы бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді. Бірыңғай конкурс отырысы кезеңінде басқарма тарапынан жарияланған конкурстарда тиісті құжаттарды рәсімдеу облыс әкімі аппаратының персалды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелесу және тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру және қорғау тетігінің болмауы.
«Б» корпусының мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурс бойынша әңгімелесу мен тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру бірыңғай конкурс өткізу бойынша облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Кандидаттар үшін әркелкі жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттар үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Үміткерлерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын тұлғалардың мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етпеу.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс. Басқарма тарапынан мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылданады.
Тікелей басшы немесе мемлекеттік органның басшылығы мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақытылы қабылдауға, оның ішінде:
Жұмыскерлерді конкурстық іріктеу жүргізбей лауазымға жоғарылату, өзге лауазымдарға ауыстыру.
Басқарма бойынша жұмыскерлерді конкурстық іріктеу
жүргізбей, лауазымға жоғарылату, өзге лауазымдарға ауыстыру фактілері орын алған жоқ.
Талдау обьектісі қызметкерлерінің жалақысы, көтермелеулері туралы ақпараттың жабықтығы.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Еңбекақы төлеудің біріңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілерге, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда, жұмыскерлерді көтермелеу.
Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін,
сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы негізінде, тәртіптік жазалары бар қызметкерлерге басқарма тарапынан сыйақы берілмейді.
Мерзімінен бұрын алынған жаза.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басқарма басшысының орынбасары Ибраев Уәлихан Серікұлының 2024 жылғы 12 тамыздағы №02-04/31 санды бұйрығымен қолданылған «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы мерзімінен 2024 жылдың 3 желтоқсанындағы №02-04/41 санды бұйрығымен алынды.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Камбаров Артур Раушанбекұлының 2024 жылғы 12 тамыздағы №02-04/32 санды бұйрығымен қолданылған «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы мерзімінен 2024 жылдың 3 желтоқсанындағы №02-04/42 санды бұйрығымен алынды.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Әбжәлиева Алтынгүл Нағыметқызының 2024 жылғы 12 тамыздағы №02-04/33 санды бұйрығымен қолданылған «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы мерзімінен 2024 жылдың 3 желтоқсанындағы №02-04/43 санды бұйрығымен алынды.
Жұмыс нәтижелеріне қарамастан, талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша қызметкерлерді көтермелеу.
Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының, орынбасарлардың ұсынысы негізінде сыйлықақы беру жөніндегі шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.
«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының ұсыныс негізінде сыйлықақы жөнінде шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.
Басқармада «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдылық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін беіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес басқарманың үнемделген қаржы есебінен 2022 жылдары басқарма қызметкерлеріне сыйлықақылар берілді.
2024 жылы 6 шілде – Астана күніне және «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» және «1-2 қаңтар – Жаңа жыл» мемлекеттік мерекелеріне орай үнемделген қаржы есебінен лауазымдылық жалақының пайыздық теңдей мөлшерлемесімен сыйақылар берілген.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді атқарған жұмыстарының нәтижесіне сәйкес мемлекеттік мерекелерде мараппаттауға ұсыныстар жолданып тұрады.
Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау.
Қолданыстағы еңбек заңнамалары мен «Мемлекеттік қызметі туралы»
ҚР Заңына сәйкес мерзімінен бұрын алудың шекті мерзімдері мен негіздері нақты көрсетілмегендіктен басқарма тарапынан мерзімінен бұрын тәртіптік жазаларды алып тасталған бұзушылықтар анықталмады.
Заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа туралы.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидасына, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа фактілер орын алған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар анықталмады.
ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Мемлекеттік қызметшілердің және өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымдары бойынша:
1) Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы Көлбаева Перизат Өтепқызы 2008 жылдың 23 маусымынан бастап 2024 жылдың 2 қыркүйегі аралығына дейін басқармада жұмыс атқарды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 2021 жылдың 19 мамырда №02-43/1013 санды хатпен мемлекеттiк қызметтегі шектеулерге байланысты ерлі-зайыпты азаматтар бір басқармада жұмыс жасау мүмкіндіктері жөнінде түсіндірме беру жөнінде хат жолданып, жауаптары алынды.
П.Ө.Көлбаева Р.М.Каюповке тікелей бағыныста емес лауазымды атқарды, Р.Каюпов 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 30 маусымына дейін жалақы сақталмайтын оқу демалысында (ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы) болып, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап оқу демалысынан басқармаға жұмысқа қосылды. П.Көлбаеваның жолдасы Каюпов Руслан Мұхамедәліұлы 2020 жылдың маусым айында басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалған, 2024 жылдың 22 шілдесіндегі №162-ө сәйкес, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысы лауазымына тағайындалды.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы Көлбаева Перизат Өтепқызы басқа қызметке ауысуына байланысты 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап атқаратын қызметінен босатылды. (№02-05/85 02.09.2024ж);
2024-2025 жылдар бойынша басқарма бойынша басқа мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Басқарма тарапынан мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілмейді.
Негізінен басқармада тікелей рұқсат беру функциясы қарастырылмаған.
VII. Бақылау функцияларын іске асыру бағыты бойынша.
Басқармада бақылау қадағалау функциялары жүзеге асырылмайды.
VIII. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Мемлекеттік сатып алуларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
2024 жыл 31 желтоқсанға дейін:
2024 жылы мемлекеттік сатып алу жоспарының 44 тармағына сатып алу өткізілген.
Оның ішінде:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы – 3 616,2 теңге 20 шарт жасалған. Бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы – 297,0 атауға "Қазпошта" акционерлік қоғамының "Республикалық арнаулы байланыс қызметі" филиалымен 1 шарт жасалған.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу – 25 шарт жасалған. Ашық конкурс – шарт жасалмаған.
2024 жылдың 31 желтоқсанына бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспары 213 526,8 теңге, оның ішінде бір көзден алу тәсілі арқылы 608,3 теңге.
Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақталған және де өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмайды.
Басқарманың нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізілді, нәтижесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін немесе күшін жоюға жататын актілер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын НҚА анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алуларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
2024 жыл 19 желтоқсан №03-04/35 бұйрығымен жылдық жоспар бекітілді 217 413,2 мың теңгеге.
2025 жыл 31 наурызға дейін:
2025 жыл 31 наурызға дейін мемлекеттік сатып алу жоспарының 29 тармағына сатып алу өткізілген.
Оның ішінде:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы – 7 942,0 мың теңге 22 шарт жасалған.
Бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы – 0,0
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу – 140 190,1 мың теңге 7 шарт жасалған.
Ашық конкурс – шарт жасалмаған.
2024 жылдың 31 наурызына бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспары 218 568,5 мың теңге, оның ішінде бір көзден алу тәсілі арқылы 0,0 теңге.
Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII Заңының талаптары сақталған және де өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмайды.
Басқарманың нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізілді, нәтижесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін немесе күшін жоюға жататын актілер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын НҚА анықталған жоқ.
Қаржылық-экономикалық мәселелер.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы бойынша бюджет қаражатының 2024 жылға игерілу туралы мәлімет.
Облыстық қоғамдық даму басқармасы арқылы 17 жобаға
қаржы бөлінді.
2024 жылдың 31 желтоқсан айына дейінгі мемлекеттік сатып алу және тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы:
Келісім шарт жұмыс жасаған - 215784, 8 (мың. теңге)
Үнемделген қаржы – 36849,7 (мың. теңге)
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөліміне бөлінген қаржы 152 718, 0 (мың. теңге).
Пайдаланбаған қаржы: 63503,5 (мың. теңге)
12 келісім шарт жасалған – 73979,4 (мың. теңге)
Үнемделген қаржы – 15235,1 (мың. теңге)
Жастар жұмыс жасау бөліміне бөлінген қаржы – 152 638,0 (мың. теңге)
3 келісім шарт жасалған – 133 141,3 (мың.теңге)
Үнемделген қаржы – 19496, 7 (мың. теңге)
БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөліміне бөлінген қаржы 1 155 734,0 (млрд. теңге)
114 келісім шарт жасалған – 1 144 545,0 мың теңге
Үнемделген қаржы – 11189,0 мың теңге
Тілдерді дамыту және ономастика бөліміне бөлінген қаржы – 10782,0 (мың. теңге)
2 келісім шарт жасалған – 8 664,1 (мың.теңге)
Үнемделген қаржы – 2 117,9 (мың. теңге)
Бюджет қаражатын игеру және бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы бойынша бюджет қаражатының 2025 жылға игерілу туралы мәлімет.
Облыстық қоғамдық даму басқармасы арқылы 14 жобаға
қаржы бөлінді.
2025 жылдың 31 наурыз айына дейінгі мемлекеттік сатып алу және тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы:
Азаматтық қоғам институттары және жастар жұмыс бөліміне бөлінген қаржы – 219 349, 0 (мың. теңге).
12 келісім шарт жасалған – 135 768,8 (мың. теңге)
Үнемделген қаржы – 33 189,2 (мың. теңге)
БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөліміне бөлінген қаржы 975 733,0 (мың. теңге)
0 келісім шарт жасалған – 0,0 мың теңге
Үнемделген қаржы – 0,0 мың теңге
Тілдерді дамыту және ономастика бөліміне бөлінген қаржы – 11 993,0 (мың. теңге)
1 келісім шарт жасалған – 4 421,3 (мың.теңге)
Үнемделген қаржы – 1 037,1 (мың. теңге)
Бюджет қаражатын игеру және бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты квазимемлекеттік сектор «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс атқарады.
Алайда, облыс әкімдігінің 15.10.2020 жылғы қаулысы негізінде Серіктестіктің 51% қатысу үлесін кейіннен сатып алу құқығымен 7 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөнінде шешім қабылданды.
«Сыр медиа» ЖШС-і өз тарапынан ішкі талдау жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Х. Акпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу барысында төмендегі заңнамалар жұмыс барысында қолданылады:
Масс-медиа туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ;
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығы;
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ бұйрығы;
2024 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне 1 155 734,0 мың теңге қаржы бөлініп, жыл көлеміндегі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс конкурстарының қорытындысымен 113 келісім-шарт жасалды және БАҚ-пен ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді:
Республикалық телеарналармен - 11 келісім-шарт, 384 минут 250 сюжет;
Республикалық баспа басылымдармен - 5 келісім-шарт, 18 682 ш/см;
Респуб. интернет-ресурстармен 40 келісім-шарт, 1 306 931 символ (500 материал);
Жергілікті интернет-ресурс - 15 келісім-шарт 36 615 372 символ;
Жергілікті телеарна - 4 келісім-шарт 19 977 минут;
Жергілікті баспа басылымдармен – 37 келісім-шартпен 2 602 597 ш/см;
Сурдоаударма – 52 256,0 мың теңге, 1 келісім-шарт жасалды.
«Қызылорда облысында құқықтық саясаттың іске асырылу барысын, халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын мемлекеттік тілде ақпараттық қолдау және түсіндіру» тақырыптық бағыты бойынша ЖШС «Халық» haliqline.kz 1 714 287,25 тг; «Қызылорда облысында құқықтық саясаттың іске асырылу барысын, бейінді ведомстволардың құқықтық қамтамасыз ету, халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, заң жобалары мен мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің, сот жүйесі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты, сот жүйесіндегі реформалардың мазмұнын, адамның сот арқылы қорғалу құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды мемлекеттік тілде ақпараттық қолдау және түсіндіру» тақырыптық бағыты бойынша ЖШС «Сан-Ай» пресс Ел тілегі газеті 1 829 732,14 тг көлемінде келісім-шарттар жасалды.
ХI. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты:
2024 жылдың 12 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 252 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 133, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 113, ұжымдық өтініштер – 6. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімде жауаптары берілді (2025 жылдың қаңтар айына барлығы – 30 жолданым келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен жолданымдар саны – 12, заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдар – 5, ұжымдық өтініштер – 3).
252 өтініштің ішінде арыздар саны-144, шағым-3, басқа да өтініштер (хабар, сұрау салу, үн қосу, ұсыныс) – 105 (2025 жылдың қаңтар айына 30 жолданымның ішінде арыздар саны – 12, шағым – 0, басқа да жолданымдар – 18).
Басқарма басшысының 2024 жылғы 2 тамыздағы №02-04/30 бұйрығымен басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық мекемелер үйі ғимаратының 1 қабатында орналастырылған (Анықтама: сәрсенбі күні сағат 16.00-18.00).
Есепті кезеңде басқарма басшысының жеке қабылдауында 46 азамат болып, 17 жеке қабылдау өткізілді (2025 жылдың қаңтар айына Басқарма басшысының жеке қабылдауында 5 азамат болды). Қабылдау барысында көше атауын беру, «Қазтест» жүйесі, үкіметтік емес ұйымдарының дерекқоры, «Сыр жастары» ипотекалық бағдарламасы және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар бойынша т.б. ұсыныстар түскен. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне (жазбаша, ауызша, жеке қабылдау түрінде) тіркеу кезінде оған кезекті реттік нөмір болып табылатын тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және өтініштерді есепке алу карточкасының қағаз нұсқасы толтырылады. Өтініштің қаралу мерзімі оның тіркелген кезінен бастап есептеледі. Есепті мерзім ішінде орындалу мерзімінің сақталмау фактілері болған жоқ.
Басқармаға қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларына, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.
Ұсыным: Бағаларды қалыптастыру тәртібінің болмауы себебінен, Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңында негізгі ұғымдарда бұқаралық ақпарат құралдары республикалық немесе өңірлік болып ажыратылмаған. Осыған байланысты Базалық бағаларды қалыптастыру тәртібін айқындау бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетіне ұсыныстар жолдау.
Ұсыным:
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы қаулы жобасын әкімдіктің қарауына ұсыну.
Қорытынды:
Сонымен қатар, Басқарманың өзге де нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын НҚА анықталған жоқ.
Персоналды басқару бағыты бойынша - сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бюджет қаражатын игеру және бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша әлеуметтік жобаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Топ жетекшісі:
Басқарма басшысының орынбасары |
|
У.Ибраев
|
Топ мүшелері: |
||
Стратегиялық бағдарламаларды үйлестіру бөлімнің басшысы
|
|
А.Тілеубаева |
БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы
|
|
А. Қамбаров |
Мониторинг және талдау бөлімінің басшысы |
|
С.Сахиев |
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы |
|
А.Алиева |
ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы
|
|
Е.Сисенбиев |
Азаматтық қоғам институттарымен және жастармен бөлімінің бас маманы |
|
Р.Мұхат |
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды.
Басқарма басшысы Р. Каюпов