ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы»КММ-нің
қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша
15 қыркүйек 2022 жыл Қызылорда қаласы
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдерінің қызметі табылады.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жүргізілді.
- «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облыстық әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Қызылорда облысының дін істер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма)болып қайта құрылуына байланысты қосымша ішкі талдау жасалды.
- Талданатын объект туралы мәліметтер:
Басқарма құзіреті шегінде - жастар саясаты, діни қызмет, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету, волонтерлік қызмет, тілдерді дамыту,мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру саласындағы функцияларды жүзеге асырады.
Басқарма өз қызметін - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарманың ережесіне сәйкес іске асырады.