Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі бойынша 2022 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Тіл саясатын іске асыруда Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы барлығы 812 адам, оның ішінде 251 адам мемлекеттік тілді, 162 адам орыс тілін, 399 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша 2022 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 99% құрады.
Басқарманың тапсырысымен облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны көрсетілді.
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалымен бірлесіп «Сөзім - ұстанымым» атты кездесу кеші, 1 маусым - балалар күні қарсаңында «Бала - отбасының шамшырағы» тақырыбында ашық сабақтар, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы үздік оқытушы» облыстық байқауы өткізілді.
Кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарында тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында облыс көлемінде ақпараттық-түсіндірме және зерделеу жұмыстарын жүргізудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандарда 293 кәсіпкерлік нысанға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Халыққа қызмет көрсететін мекемелердегі ісқағаздарының, көрнекі ақпарат, терминалдардың негізгі бетіндегі пайдалану тілінің жүргізілуіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар өңірдегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ресми сайттарының және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларының мемлекеттік тілде сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген мониторинг нәтижесімен 3 мекемеге хат жолданды.
Есепті мерзімде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 8 топонимикалық атау енгізілді.