2026 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 950,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 159,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (102,2%).
2026 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын тұрғын үйлерден жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 55,6 млрд.теңге қаржы бөлінді (ОБ – 40,1 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 15,5 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға:
Қызылорда қаласы Сырдария өзені сол жағалауында 168 пәтерді құрайтын 7-қабатты 84-пәтерлі 2 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (2,5 млрд.теңге).
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматттарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында дайын 2232 пәтер сатып алынады (53,1 млрд.теңге), оның ішінде 1332 арендалық (халықтың осал топтарына Қызылорда қаласы – 1292, Жаңақоран ауданы – 40 пәтер), Қызылорда қаласында 900 кредиттік пәтер.
2026 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 13 жобасын (электр. - 10, жылу - 1, кешенді ики -2) жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 5 жоба;
- Арал ауданы – 3 жоба;
- Шиелі ауданы - 3 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 2 жоба.
Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тікелей тапсырыс беруімен 2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша құрылыс саласына 23,6 млрд. теңге бөлініп, бұл қаражатқа 5 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда.
Анықтама ретінде:
Денсаулық сақтау – 2
Спорт – 2
Жұмылдыру дайындығы – 1
2026 жылдың қаңтар айында Қызылорда қаласының Сол жағалауынан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне табысталса, жыл соңына дейін 3 үлкен нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда (Қызылорда қаласының Сол жағалауынан 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана, Титов мөлтек ауданында 400 орындық №5 емхана және көпфункционалды «Қызылорда Арена» кешені).
Биыл қаңтар айында өткен Ұлттық Құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Қызылорда қаласынан тәулік бойы жұмыс жасайтын жаңа кітапхана құрылысы және жаңа заманауи драма театр құрылысы бастау алатындығы хабарланды.
Биыл 2026 жылы Басқарма тарапынан демеушілік есебінен 2 ірі жобаның жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Олар – 200 орындық облыстық перинаталдық орталығы және Жаңа драма театр құрылысы. Бүгінгі күнге бұл екі жобаның тиісті жер телімдері табысталып, жоба алды құжаттары толық рәсімделді. Жоба-сметалық құжаттамалар толық әзірленгеннен кейін, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылатын болады.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша облыс аумағында 159 426 шаршы метрді құрайтын 585 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 102,2%-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 403 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 347 эскиздік жобасы, сонымен қатар 159 426 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100% аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2023 жылы «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 53 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 4 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден 2024-2025 жылдарға қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде 4 қала құрылыстық құжаттамалары «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алынып, 3 жоба аудандық мәслихат шешімімен бекітілді. 1 жоба бойынша аудандық мәслихатпен бекіту шаралары жүргізілуде.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Қызылорда қаласы Қорқыт Ата университетінің «Инжинирингтік паркі»;
Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжі ғимаратының қасбеті.
2026 жылдың 1-тоқсанында Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізінде әзірленген алдын ала ескертулермен жыл сайын Басқарма қызметкерлерін және жаңадан келген қызметкерлерді таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадырдың төрағалығымен қаржылық сауаттылық бойынша профилактикалық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте әдеп кодексінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет заңнамаларының талаптары түсіндіріліп, қаржылық сауаттылыққа қатысты кеңестер берілді.
Семинар-кеңесті қорытындылай келе, жұмыстан тыс уақытта да әдептілік нормаларын қатаң сақтап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын және әкімшілік сыбайлап жемқорлық баптары бойынша құқық бұзушылықтар жасаған жағдайдағы тәртіптік жауаптылықтарын жеткізді.
2026 жылдың 1-тоқсанының қорытынды есеп кезеңінде басқармаға барлығы «eOtinish» ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өттіштері бойынша 58 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 23, шағым – 1, басқасы (хабарлама, сұрау алу, үн қосу) – 34. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Өтініштермен жұмыс жасау 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.
Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау бөлімінің тел.: 60-53-51 және әкімшілік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу бөлімінің тел: 60-56-91 нөміріне хабарласып алуға болады.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша облыс аумағында 939 279 шаршы метрді құрайтын 4964 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 108,4 %-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 2680 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 2646 эскиздік жобасы, сонымен қатар 939 279 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100 % аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2023 жылы «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 53 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 4 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден 2024-2025 жылдарға қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 3 қала құрылыстық жобалар «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алды.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы;
Қызылорда облысының Әділет департаменті ғимараты;
Музыкалық колледж жатақханасы;
Оқушылар сарайы;
Әкімшілік ғимараты;
Ә.Тәжібаева атындағы облыстық кітапхана;
Аудан орталықтары мен ауылдық округтердің кіреберіс қақпалары;
Жаланаш ауылындағы 150 орындық мектеп;
Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Тұрғын үй құрылысы
2025 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Статистикалық деректерге сәйкес 2025 жылдың қорытындысымен 939,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,4% - ға жоғары.
2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 36,0 млрд.теңге қаржы бөлінді (РБ - 3,8 млрд. теңге, ОБ – 10,8 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 21,3 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға 734 пәтерді құрайтын 16 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:
- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласында 50-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді
- кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 7 қабатты 84-пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаржысы есебінен 1822 дайын жаңа пәтер сатып алынды (Қызылорда қаласы - 1490, Арал ауданы – 60, Қазалы ауданы – 80, Қармақшы ауданы – 60, Шиелі ауданы – 52, Жаңақорған ауданы - 80).
Сонымен бірге, облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 пәтер сатып алынды.
Тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту
2025 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 34 жобасын (су және кәріз – 2, электр. - 20, жылу - 3, газ - 1, бас жоспар, абаттандыру және телефон - 3, кешенді ики -5) жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 15,9 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 1,7 млрд.теңге, РБ – 1,8 млрд.теңге, ОБ – 2,3 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 10,0 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 12 жоба;
- Арал ауданы – 4 жоба;
- Қазалы ауданы – 1 жоба;
- Қармақшы ауданы – 2 жоба;
- Сырдария ауданы – 1 жоба;
- Шиелі ауданы - 4 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 10 жоба.
Жыл қорытындысымен 16 жобаның құрылысы аяқталып, 270,2 км инженерлік желілер (су – 23,3 км, кәріз – 2,6 км, электр – 216,6 км, газ – 22,6 км, жылу – 5,1 км, бас жоспар абаттандыру – 4,2 га) пайдалануға берілді.
|
№ |
Аты-жөні, тегі |
Лауазымы |
Қабылдау уақыты |
Мекен-жайы |
|
1 |
Төрәлиев Ерлан Кәрімбекұлы |
Басқарма басшысы |
Әр аптаның дүйсенбі күні 16:00-18:00 |
Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1, 4 қабат |
|
2 |
Мырзабеков Марат Салқадинұлы |
Басқарма басшысының орынбасары |
Әр аптаның бейсенбі күні 16:00-18:00 |
|
|
3 |
Бекенов Мұрат Алматұлы |
Басқарма басшысының орынбасары |
Әр аптаның жұма күні 16:00-18:00 |
Азаматтарды қабылдауға алдын ала жазу Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратында мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесі №1, 4- қабат, №409 бөлме.
Анықтама телефоны: 60-53-51.
| № | Тапсырыс беруші | Ұйымдастырушы | Конкурстың атауы | Жалпы сметалық құны, теңге |
Жеңімпаз атауы |
| Құрылыс-монтаж жұмыстары | |||||
| 1 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентіндегі көпбейінді орталық аудандық аурухана ғимаратына блок қосып сала отырып реконструкциялау» | 754 005 713,44 | "Дәнекер құрылыс компаниясы" ЖШС |
| 2 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | Қызылорда облысының Қызылорда қаласында Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан «Достық үйінің» құрылысы | 3 617 678 309,28 | "Астана сервис Ltd" ЖШС |
| 3 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ж.Нұрмұхамедұлы көшесі, 181 мекен-жайы бойынша Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына 42 төсектік жапсарлас құрылысты реконструкциялау | 1 847 444 708,48 | СМП-Кызылорда" ЖШС |
| 4 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласындағы көпбейінді аудандық орталық аурухана ғимаратына блокты жапсарластыра отырып реконструкциялау» ЖЖ | 1 941 785 045,76 | СМП-Кызылорда" ЖШС |
| 5 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы. (Байланыстыру) | 2 286 181 513,28 | "Бақ-Береке 2030" ЖШС |
| 6 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Амбулаториялық емхана қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурахана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының 1-ші көтергіш сорғы станциясы ғимаратын қайта жаңғырту және Суқысымды мұнарасын ауыстыру. Түзету» | 116 016 914,72 | "BSG инжениринг" ЖШС |
| 7 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда облысы Қызылорда қаласында 400 келушіге арналған № 5 емхананың құрылысы» | 9 560 326 386,24 | "Отау-Строй" ЖШС |
| 8 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» | 557 890 822,72 | "Асар" ЖШС |
| 9 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | «Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, "Сабалақ" шатқалында орналасқан ғимараттарда кіргізудің (шығарудың) заңға сәйкестігін тексеретін арнайы жабдықталған бақылау-өткізу пункттерінің (КПП) құрылысын салу, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін сыртқы электр желісін салу, ғимараттарға дербес (автономды) жылу қазандығының құрылысы мен сыртқы және ішкі жүйелері желісін салу» | 193 688 844,15 | «GRAND DEVELOPMENT KZ» ЖШС | |
| Техникалық қадағалау жұмыстары | |||||
| 10 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентіндегі көпбейінді орталық аудандық аурухана ғимаратына блок қосып сала отырып реконструкциялау» бойынша техникалық қадағалау қызметін көрсету | 15 381 716,00 | "Раян и К" ЖШС |
| 11 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда облысының Қызылорда қаласында Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан «Достық үйінің құрылысы» бойынша техникалық қадағалау қызметін көрсету | 74 885 940,64 | "ДамирЖобаҚұрылыс" ЖШС |
| 12 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ж.Нұрмұхамедұлы көшесі, 181 мекен-жайы бойынша Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына 42 төсектік жапсарлас құрылысты реконструкциялау» бойынша техникалық қадағалау қызметін көрсету | 32 699 772,00 | "АрхДизайнСтройИнжиниринг" ЖШС |
| 13 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласындағы көпбейінді аудандық орталық аурухана ғимаратына блокты жапсарластыра отырып реконструкциялау» ЖЖ бойынша техникалық қадағалау қызметін көрсету | 35 923 023,36 | "Шебер Құрылысшы" ЖШС |
| 14 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Амбулаториялық емхана қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурахана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының 1-ші көтергіш сорғы станциясы ғимаратын қайта жаңғырту және Суқысымды мұнарасын ауыстыру. Түзету» бойынша техникалық қадағалау қызметін көрсету | 2 292 494,40 | "Құрылыс Контроль LTD" ЖШС |
| 15 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы. (Байланыстыру)» бойынша техникалық қадағалау қызметін көрсету | 36 944 692,96 | "Кызылорда Нур Строй Инжиниринг" ЖШС |
| 16 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда облысы Қызылорда қаласында 400 келушіге арналған № 5 емхананың құрылысы» бойынша техникалық қадағалау қызметін көрсету | 138 624 732,96 | "ДамирЖобаҚұрылыс" ЖШС |
| 17 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы | «Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» аяқтау бойынша техникалық қадағалау қызметін көрсету | 12 496 753,92 | "Жана Гасыр-К" ЖШС |
| 18 | Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | «Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, "Сабалақ" шатқалында орналасқан ғимараттарда кіргізудің (шығарудың) заңға сәйкестігін тексеретін арнайы жабдықталған бақылау-өткізу пункттерінің (КПП) құрылысын салу, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін сыртқы электр желісін салу, ғимараттарға дербес (автономды) жылу қазандығының құрылысы мен сыртқы және ішкі жүйелері желісін салу» бойынша техникалық қадағалау қызметін көрсету | 3 800 000,00 | "Aisar-Group" ЖШС | |
ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
2025 жыл бойынша 12 ай қорытындысы бойынша әлеумeттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 62,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 6 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.
Анықтама ретінде:
Денсаулық сақтау саласы – 3 нысан;
Спорт саласы – 2 нысан;
Инженерлік желілер – 1нысан.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Нысандар пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда пайдалануға берілген нысандар тізімі:
ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖОБА-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ
2025 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 14 өтпелі (жалпы құны 146 670,102 млн. теңге) құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Атап айтқанда:
Денсаулық сақтау нысаны – 4 жоба:
Спорт саласы – 5 жоба:
Білім саласы – 2 жоба:
-Мемлекеттік органдар объектілерін дамыту - 1 жоба:
Қоғамдық тәртіп сақтау – 1 жоба: