Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Әкім аппараты) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-ІV «Медиация туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық медиаторларды сайлау өткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық медиаторларды сайлауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер келесі құжаттарды Әкім аппаратына мынадай тәсілдердің бірімен 2024 жылдың
20 желтоқсанына дейін тапсыруы қажет.
1) Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) қолма-қол қағаз немесе электрондық тасығыштар арқылы Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, Абылайхан көшесі №44 мекен-жайына;
2) Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында «Электрондық өтініш» ақпараттық талдамалық жүйе арқылы;
3) kyzylozek@mail.ru электрондық поштасына.
Үміткерлер ұсынатын құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) заңды мекенжайы туралы мәлімет;
4) байланыс деректері (пошта немесе электрондық мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);
5) медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
6) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;
7) үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалар;
8)соттылығының жоқтығы туралы анықтама
Қоғамдық медиаторды сайлауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-ІV «Медиация туралы» Заңының 9-бабының талаптарына сәйкес болуы қажет.
Қоғамдық медиаторлар жергілікті қоғамдастығының жиналысы (жиыны) негізінде тоқсанына бір реттен сиретпей сайланады. Әкім аппараты құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде үміткерлердің тізімін «Фейсбук» парақшасында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда орналастырылады.