Аманбай Нұрлан Аманкелдіұлы - Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
1969 жылы 6 сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Алға ауылдық кеңесінде дүниеге келген.
1991 жылы Рязань облысында (Госагропром РСФСР-ға қарасты) Песочня ауылшаруашылығы техникумын «Агроном» және 2006 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бугалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
1987-1989 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметте.
Еңбек қызметі:
Еңбек жолын 1991 жылы Қазалы аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің егін шаруашылығы бөлімінің аға маманы болып бастап, сол жылы тамыз айында осы мекеменің орталық диспетчерлігінің жетекші маманы болып жалғастырды.
1992-1997 жылдары Қазалы ауданының Ү.Түктібаев атындағы кеңшарда агроном;
1997-2001 жылдары Қазалы балық зауытында қойма меңгерушісі;
2001-2003 жылдары ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» РМК-ның Қызылорда облыстық филиалында Қазалы ауданы бойынша өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі маманы;
2003-2008 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК-нің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ Қазалы аудандық филиалының фитопатологы;
2008-2010 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК-нің «РФДжБӘО» ММ Арал аудандық филиалының директоры;
2010-2012 жылдары «РЗА-Агро» ЖШС-нің директоры, бас агрономы;
2012-2013 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК-нің Қазалы аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік тұқым инспекторы – жетекші маманы;
2013 жылы Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік тұқым инспекторы - жетекшімаманы;
2013-2014 жылдары Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының техникалық саясат бөлімінің жетекші маманы;
2014-2017 жылдары Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
2017-2019 жылдары Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы;
2019-2023 жылдары Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
2023 жылдың қаңтар айынан бастап Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, 2 ұл және 2 қызы бар.