Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні аудандық Қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынасы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020-2023 жылдар аралығына арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау туралы»
- «Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020-2023 жылдар аралығына арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау туралы»
- «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020-2023 жылдар аралығына арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау туралы»
Күн тәртібіндегі аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары өздерінің 2020-2023 сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау нәтижелерімен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізген ішкі талдау нәтижелері туралы баяндады.
Шешім жобасының әзірлену негізі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына сәйкес айқындалды.
Күн тәртібіндегі мәселерді талқылай келе, аудандық Қоғамдық кеңес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынасы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020-2023 сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау нәтижелерімен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау туралы мәселелері бойынша шешім жобасы Қоғамдық кеңес мүшелерімен мақұлданды.