Сұрақ: Жұмыссыздыққа қалай тіркелуге болады?
Жауап : Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес аудандық жұмыспен қамту орталығына «жұмыс іздеуші» ретінде тіркелу қажет.
Жұмыс іздеп жүрген адам
1. Жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мынадай құжаттардың:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде).
Он алты жасқа толмаған адам сонымен қатар, өзінің заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін ұсынады.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді.
3. Жұмыс іздеп жүрген адам үш жұмыс күні ішінде кемінде бір рет халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне бару арқылы жұмыс іздеуге мүдделілік білдіруге тиіс.
Жұмыссыздарды тiркеу
1. Осы баптың 5-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.
2. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы оның деректерін тексергеннен кейін жұмысқа орналастырудың жеке картасына алынған мәлiметтердi енгiзе отырып жүзеге асырылады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн өткенде жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу күні және есепке қою туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы хабардар етеді.
4. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күні iшiнде кемінде бiр рет халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемінде бiр рет кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.
5. Жұмыссыз адам ретінде:
1) он алты жасқа толмаған;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетiн жұмысы бар;
3) "Қазақстан Республикасында зейнетақы мен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқтығы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтер ұсынған адамдар тіркелмейді.
Сұрақ: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады?
Жауап: Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №55 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезекке тұру үшін бірінші кезекте кезекке тұратын азаматтың атына соңғы 5 жылда тіркелген тұрғын үй болмауы керек.
Кезекке тұру үшін.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы мен www.e.gov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қажетті құжаттар тізімі:
- Некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейін) куәліктердің көшірмесі;
- Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасының электрондық көшірмесі;
- Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушы (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаған кезде қосымша ұсынады:
- Өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне табысы туралы анықтама;
- Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде:
- Жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшірмесін қосымша ұсынады;
- Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер:
Қазақстан Республикасының Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;
- Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы:
- Тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.
Сұрақ: Кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер алуға болады ?
Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша ІІ бағытына жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері қатыса алады. Шағын несие кепілдік арқылы жылдық пайызы 6% аспайды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде бизнес жобаларды несиелендіру. Жобаларды несиелендіру екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің шешімімен, алынған несиенің пайыздық ставкасының бір бөлігі (пайыздық ставка 19 пайыз, субсидияланатын бөлігі 10 пайыз, субсидияланбайтын бөлігі 9 пайыз) субсидияланады сонымен қатар, кепіл мүлігі жетпеген жағдайда, несие сомасы ішінара (50пайызға дейін) кепілдендіріледі.
«Даму Өңірлер» бағдарламасы. Бағдарлама шеңберінде несиелендіру екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. Несие бойынша жылдық пайыздық ставка 8,5 пайызды құрайды. Несиелендірудің максималды сомасы 180,0 млн теңгеге дейін. Құны 20,0 млн теңгеге дейінгі жобаларға несие Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің шешімінсіз беріледі, 20,0 млн теңгеден жоғары жобалар кеңес қарауына ұсынылады.
Қармақшы ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл
![]() |
Смағұлов Самат Қыдырбекұлы - «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі. Мекен жайы: Жосалы кенті, Рысқұлов көшесі №2 «А», «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің ғимараты, 2 қабат, №6 бөлме. Байланыс телефондары: Жұмыс тел: 8 (72437) 2 13 54 Ұялы тел: 8 747 512 0568 |
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
р/с |
ТАӘ |
Қызметі |
Қабылдау күндеру |
Қабылдау уақыты |
1 |
Смағұлов Самат Қыдырбекұлы |
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі |
Әр аптаның жұма күні |
17.00 - 19.00 |
1. Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;
12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.
2. Әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады және алады;
2) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) заңнамада белгіленген тәртіппен жүгінеді;
3) мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгізеді;
4) қажет болған жағдайда өзінің құзыретіне қатысты мәселелерді қарау кезінде кадр қызметінен мемлекеттік қызмет өткеру мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін, өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.
6. Негізсіз бас тартылғанда, мемлекеттік органның басшысы тиісті шаралар қолданбағанда не ол әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функцияларды орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағанда, әдеп жөніндегі уәкіл бұл туралы уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.
Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі мұндай хабарлама келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті шараларды қолданады.
3. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру
7. Мемлекеттік орган басшыларының бейтараптығы негізді күмән тудыратын, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кезде әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады.
8. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінің нәтижесі бойынша уәкілетті органға есеп береді. Есеп беру нысанын және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
9. Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты-жөні, фотосуреті, кабинет және телефон нөмірлері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады.
10. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.
Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі №2 "а" мекен жайда орналасқан Қармақшы ауданы әкімдігі ғимаратының 1 қабатындағы азаматтарды қабылдау «Фронт-офисінің» жұмыс кестесі
Жұмыс уақыты |
Түскі үзіліс |
Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін |
сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін |
«Фронт-офиске» келген азаматтарға пәтер алу, әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау және тағы басқа да мәселелері бойынша кеңестер алу мүмкіндігі қол жетімді.
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелер бойынша уәкілетті тұлғаларның тізімі
№ | МО | Аты-жөні, лауазымы, байланыс деректері (жұмыс., ұялы, эл.) | Жүктеу туралы бұйрықтың болуы (бұйрықтың нөмірі) | Ескерту |
1 | Қармақшы ауданы әкімдігі | Қарабалаева Алия Абілбайқызы, Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, тел.: 8724372-11-31 |
№142-жқ | |
2 | Қармақшы ауданы мәслихаты | Бұхпанов Қайрат Сағатұлы, Ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 87785218615, |
№16-ө 17.05.2021ж |
№ |
Комиссия, штаб, кеңес, жұмысшы топ атауы, құрылған күні, жылы, айы |
Төрағасы |
1. |
Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия |
Аудан әкімі |
2. |
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия |
Аудан әкімі |
3. |
Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссия |
Аудан әкімі |
4. |
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия |
Аудан әкімінің орынбасары |
Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы байланыстарды дамыту мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.
Осылайша, 2021 жылғы шілдеде Қызылорда қаласы мен Францияның Ножан-сюр-Марн қаласы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойылды.
Аталған іс-шараға Қызылорда және Ножан-сюр-Марн қалаларының өңір басшылары, Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі, Франциядағы қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ М. Шоқай атындағы франция-қазақ достығы қауымдастығының президенті қатысты.
2021 жылғы 17-18 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар екіжақты құжаттарға, оның ішінде Корея Республикасының Ардагерлер мен патриоттар министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
2021 жылғы желтоқсанда Астана қаласында облыс әкімі Навои облысының (Өзбекстан Республикасы) хокимімен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастар мен достық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды, оның қорытындысы бойынша тараптар арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі жол картасына қол қойды.
Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының деректері бойынша Арал өңірінің проблемаларын жүйелі шешу мақсатында Дүниежүзілік банк, Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы, Халықаралық даму жөніндегі агенттік және "Yekom Consulting Engineers" халықаралық консультациялық компаниясы сияқты халықаралық ұйымдармен тиісті жұмыс жүргізілуде.
Атап айтқанда, "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" (САРАТС-2) жобасының бірінші кезеңіне енгізілген 6 компоненттің 4-і Дүниежүзілік Банктің САРАТС-2 жобасы бойынша өткізген талқылаулары мен консультациялары негізінде республикалық бюджеттен іске асырылатындығына байланысты Сырдария жаңа жобаны ұсынды, яғни Арал теңізі бассейнінде кешенді игеру жөніндегі САРАТС-2 жобасының атауын "Арал теңізінің солтүстік бөлігін аймақтық дамыту және қалпына келтіру" жобасына өзгертуді және оны Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған қосымша компоненттермен толықтыруды ұсынды.
Осылайша, САРАТС жобасының екінші кезеңі жаңа жоба аясында жүзеге асырылады және оны Дүниежүзілік банк қаржыландырады. Жобаның болжамды құны 190 млн. Ақш доллар. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банк 1,5 млн Ақш доллар грант бөлді.
Жоба 3 компоненттен тұрады және мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: Солтүстік Арал теңізі су қоймаларының көлемі мен сапасын 40 км3-ке дейін ұлғайту; балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қолдау арқылы балық шаруашылығын дамыту; Солтүстік Арал теңізінің су ресурстарын экологиялық мониторингтеуді және басқаруды жетілдіру; қорғаныш орман жолақтарын құру арқылы Арал теңізінің түбінен тұз шөгінділерінің шығарылуын азайту; экологиялық туризмді дамыту. Бұдан басқа, фитомелиоративтік жұмыстарды жүргізу үшін Дүниежүзілік банк, Халықаралық даму агенттігі (USAID), Неміс ынтымақтастық қоғамы (GIZ) сияқты халықаралық ұйымдардың қаражатын тарту бойынша шаралар қабылдануда.
Мысалы, 2022-2025 жылдары Дүниежүзілік Банктің өтеусіз гранты есебінен іске асырылатын "Қазақстанның ландшафтарын қалпына келтіру" жобасы шеңберінде Сексеуіл дайындау үшін 33,5 га тұрақты орман питонимдерін құру және қажетті жабдықтарды сатып алу, Арал теңізінің 500 мың га жерін картографиялау, 100 мың га жерді жобалық барлау және Қызылорда қаласының аймағындағы 3000 га жерді жасыл аймаққа айналдыру көзделген. Сондай-ақ, Халықаралық даму агенттігі (USAID) халықаралық аралдарды құтқару қоры арқылы Арал теңізінің құрлығында су станциясын орнатады және 500 га жерге жусан отырғызу жобасы іске асырылады. Сонымен қатар, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қауымдастығы (GIZ) 50 мың гектар жердегі топырақ зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдың маусым айында Көкарал бөгетінде балық аулау жолдарының болмауына байланысты балықтың қауіпті жағдайға түсуіне жол бермеу үшін Көкарал бөгетіне балық қорғау құрылғылары орнатылды. Құны 163 млн.теңгелік жобаны Неміс халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) қаржыландырды. Құрылғы су тосқауылына жақындаған балықты қорқыту үшін гидроакустикалық құрылғыларды қолдануға негізделген.
Әлеуметтік жобаларға қайтарымсыз көмек көрсету бойынша Жапонияның үкіметтік бағдарламасы болып табылатын "Корни травы" бағдарламасы шеңберінде бірлескен жұмыс жүргізілуде. Осы жоба аясында қауіпсіз және жайлы оқу ортасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру және балаларды әлеуметтік қорғау нысандарын қайта құру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Арал теңізі аймағында көгалдандыру және экологиялық білім беру жобасы жүзеге асырылуда.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сәйкес Арал өңірі проблемаларын жүйелі шешу мақсатында Дүниежүзілік банк, Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Қоғамы, Халықаралық даму жөніндегі агенттігі және Халықаралық консультанттық «Yekom Consulting Engineers» компаниясы секілді Халықаралық ұйымдармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының (САРАТС-2) жобасының бірінші кезеңіне енгізілген 6 компоненттің 4-і республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатындығына байланысты, Дүниежүзілік Банк САРАТС-2 жобасы бойынша өткізілген талқылаулар мен кеңестердің негізінде Сырдария өзенінің бассейніндегі кешенді дамыту бойынша жаңа тәсіл ұсынып, САРАТС-2 жобасының атауын «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасына (әрі қарай - Жоба) өзгертуді және Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған компоненттерін қосымша қосуды ұсынған.
Осылайша, САРАТС жобасының екінші фазасы жаңа Жоба аясында іске асырылып, Дүниежізілік Банкпен есебінен қаржыландырылатын болады.
Жобаның болжамды құны 190 млн. АҚШ долларды құрайды. Бүгінгі күні, Дүниежүзілік банк Жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1,5 млн. АҚШ доллар грант бөліп отыр.
Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:
Сонымен қатар, фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізу мақсатында Халықаралық ұйымдардан – Дүниежүзілік банк, Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID), Герман ынтымақтастық қоғамы (GIZ) қаржысын тарту бағытында шаралар қабылдануда.
Мысалы, 2022-2025 жылдары Дүниежүзілік Банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен жүзеге асатын «Қазақстан Ландшафтарын қалпына келтіру жөніндегі» жобасы аясында, сексеуіл көшеттерін дайындау үшін 33,5 га тұрақты орман питонимгін құру және қажетті техникалар сатып алу, Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 500 мың га картаға түсіру, 100 мың га жобалық іздестіру және Қызылорда қаласы маңында 3 мың гектарға жасыл аймақ құру бойынша жұмыстары жүргізілетін болса, Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Халықаралық Аралды құтқару қоры арқылы Арал теңізінің құрғаған ұлтанына су қондырғысын орнатып, 500 га жерге сексеуіл егу жобасы жүзеге асырылатын болады.
Бұдан бөлек, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамдастығы (GIZ) арқылы 50 мың га жерге топырақ зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Көкарал бөгетінде балық өрлеу жолдары болмауына байланысты балықтардың апатты жағдайын болдырмау мақсатында 2020 жылдың маусым айында Көкарал бөгетінде балық қорғау қондырғылары орнатылды.
Құны 163 млн. тенгені құрайтын бұл жоба Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Қоғамымен (GIZ) қаржыландырылды.
Қондырғы гидроакустикалық құрылғыларды пайдалану арқылы, су тоспасына жақындаған балықтарды үркітуге негізделген.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.