Студенттерді әлеуметтік қолдау

2024 жылға бөлінген облыс әкімінің оқу гранты Қармақшы ауданы бойынша төмендегідей белгіленді:

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бойынша 6 грант:

Инженерлік желілер мен жүйелер – 2 орын (таңдау пәні – математика,физика);

Көлік техникасы және технологиясы – 1 орын (таңдау пәні – математика,физика);

Агрономия – 1 орын (таңдау пәні – биология ,химия);

Дәстүрлі музыка өнері – 2 орын (таңдау пәні – шығармашылық емтихан).                                                                                             

Қызылорда «Болашақ» университеті бойынша 1 грант:

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдауды ұйымдастыру – 1 орын (таңдау пәні – математика, физика)

Қазақ Ұлттық аграралық зерттеу университеті бойынша 3 грант:

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы - 1 орын (таңдау пәні биология,химия)

Ветеринарлық медицина - 2 орын (таңдау пәні биология,химия)

Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, атап айтқанда:

жетім балаларға;

мүгедектігі бар балаларға;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

балалар үйлері мен балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне;

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға;

ата-анасының екеуі де жасына байланысты зейнеткер болып табылатын немесе біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын балаларға;

құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары,

Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (43407 теңге) аспайтын аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қатыса алады.

Облыс әкімінің грантына өтініштер, 2024 жылдың тамыз айының 6-нан бастап, 15 тамызына дейін Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімінде қабылданады.

Туындаған сұрақтармен 2-16-53 телефонына байланысуға болады.

 

 

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі.

 

Дата публикации
09 августа 2024