

Аудандық мәдениет саласы бойынша 1 аудандық, 1 ауылдық мәдениет үйі, 13 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 18 кітапхана, барлығы 34 мекеме жұмыс жасайды. Аудан бойынша мәдениет ұйымдарында барлығы 96 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде 90 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 6-ы аудандық жыраулар үйіне қарасты үйірмелер. Үйірмелерге барлығы 1200 мүше тартылған, оның 1100-ы мәдениет үйлерінің үйірме мүшелері болса, 100-і жыраулар үйінің үйірме мүшелері.