Қызылорда облысының білім басқармасы төмендегі конкурстардың облыстық кезеңіне құжаттар қабылдау басталғандығын хабарлайды:
Конкурстарды өткізу тәртібі мен мерзімдері (әрбір кезең бойынша) жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Конкурстардың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар ғана қатыса алады.
Конкурстар туралы қосымша ақпараттарды Облыстық білім басқармасынан және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінен, Қызылорда облыстық оқу орталығынан (әдістемелік кабинет) алуға болады.
Конкурстың облыстық кезеңіне құжаттарды қабылдау мерзімі – 2021 жылдың 3 мамырына дейін жүргізіледі. (30 сәуір сағат 19.00-ге дейін)
Конкурстың облыстық кезеңінің құжаттарын қабылдау орны – Қызылорда облысының білім басқармасы.
(Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1)
Байланыс телефондары: 60-54-57, 60-54-56, 27-02-71