«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша
1. Сұрақ:
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алу үшін қандай құжаттар дайындайды?
Жауап:
Несие алушыға дайындалатын құжаттар тізбесі
1. Кәсіпкердің және жұбайының жеке куәлігі (түпнұсқа,көшірмесі)
2. Кәсіпкердің неке туралы куәлік, неке боламаған жағдайда анықтама
3. Кәсіпкердің талоны және салық камитетіне тіркелгендігі туралы анықтама.
4. Кәсіпкердің салық комитетінен қарызы (берешегі) жоқ туралы анықтамасы.
5. Кәсіпкердің және үй иесінің аттарынан сотталмаған, наркология, псих диспансер анықтама.
6. Ауыртпалық анықтамасы және меншік иесі туралы мәліметтер туралы анықтама.
7. Кәсіпкердің 20 сан счеті бар туралы анықтама және қарыз жоқ туралы картатека № 2.
8. Бизнес жоспар
9. Кәсіпкердің кепілге қойылатын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары.
10. Бағалау парағы (оценка) түп нұсқасы
11. 3- туысының жеке куәліктері, телефон нөмірлері керек.
12. Зейнетақы жарнасы
Осы құжаттардың электрондық нұсқасын және көшірмелерін тапсырасыздар.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
1. Сұрақ:
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері, өтінішті қандай электронды портал арқылы береміз?
Жауап:
2. Сұрақ:
Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алу кезінде қанша мерзімде жұмыс істеуге міндеттеме алады?
Жауап:
Ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер қабылдайды.
3. Сұрақ:
Кезекке тұрған мамандардың өтініштерін қайта қарау қанша мерзімде болады?
Жауап:
Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қайта қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді және ол екі жылдан аспайды.
4. Сұрақ:
Маман бір елді мекеннен екінші елді мекенге жұмыс ауыстырса әлеуметтік қолдау шаралары сақталама?
Жауап:
Үш жылдық мерзiм өткенге дейiн өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасы бойынша басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар
5. Сұрақ:
Аталған әлеуметтік қолдау шараларын Арал қаласында жұмыс жасайтын(денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) сала мамандары ала алады ма?
Жауап:
Бағдарламаға тек ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандар қатыса алады.
Ауыл шаруашылық техникалары бойынша
1. Сұрақ:
«Тракторист-машинист» куәлігін ауыстыру кезінде қандай формадағы медициналық анықтама сұратылады.
Жауап:
№ 073 формадағы медициналық анықтама.
2. Сұрақ
Жеке азаматтарға техникалық байқаудан өту үшін қандай құжаттар қажет.
Жауап:
Техникалық паспорт, өтініш.
1. Сұрақ:
Аукционмен жер учаскесін қалай алуға болады?
Жауап:
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес сауда-саттық (аукцион) арқылы жер учаскесін гос реестр порталы арқылы сатып ала аласыз.
2. Сұрақ:
Жер кезектілігіне қалай тұруға болады?
Жауап:
3. Сұрақ:
Тұрғын үйімнің жер учаскесіне қосымша жер учаскесінқосып алуым үшін не істеуім керек?
Жауап:
Тұрғын үйіңіздің жер учаскесіне қосымша жер учаскесін қосып беруді сұрап, (ЕГКН) геопортал және е-лицензия арқылы өтініш бересіз.
4. Сұрақ:
Жеке тұрғын үйімнің жер учаскесінің нысаналы мақсатын кәсіпкерлік мақсатқа өзгертіп пайдалануым үшін қалай өтініш беремін?
Жауап:
Жеке тұрғын үйіңіздің жер учаскесінің нысаналы мақсатын кәсіпкерлік мақсатқа өзгерту үшін «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының негізінде е-гов электронды порталыарқылыөтініш бересіз.
5. Сұрақ:
Бұрыннан тұрып жатырған тұрғын үйімнің құжаттарын мұрагерлік құқық беру туралы куәліктің негізінде қалай рәсімдеп алуыма болады?
Жауап:
Ол үшін мұрагерлік құқық беру туралы куәліктің негізінде (ЕГКН) геопортал арқылыөтініш беру арқылы рәсімдей аласыз.
6. Сұрақ:
Жер кезегінде 2012 жылғы өтінішім тұр. Осы өтінішім арқылы тұрғын үй салуым үшін жерді қалай ауға болады?
Жауап
Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін табыстау Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен реттеледі. Осы Кодекстің 44 бабының талабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай қанағаттандырылады - делінген.
Осыған орай, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері жер кезектілігі негізінде табысталатын болады.
7. Сұрақ:
Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін қалай алсам болады?
Жауап
Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесін алу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес сауда - саттыққа (аукциондарға) шығарылып беріледі.
Кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес сауда - саттық аукционға арналған жер учаскесі:
жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан кейін;
аукцион өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін шығарылады;