
В ходе анализа изучаются направления работы по выявлению коррупционных рисков в нормативных правовых актах, затрагивающих деятельность отдела, выявлению коррупционных рисков в организационно-управленческой деятельности учреждения.
В этой связи, сообщаем, что по результатам проведенного внутреннего анализа коммунального государственного казенного предприятия «Богенский сельский клуб» 10 ноября текущего года состоится публичное обсуждение в здании аппарата акима Богенского сельского округа, расположенном по адресу: Аральский район, село Боген, улица Боген № 149.
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Бөген ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
23.11.2023 жыл Бөген ауылы
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
І.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА) және ішкі құжаттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Кәсіпорын қызметінің басты міндеті мәдениет саласында қызмет көрсету болып табылады. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелерді, концерттерді, фестиваль-конкурстарды, байқауларды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнерілерінің көрмесін ұйымдастыру;
- Семинарлар, конференциялар, көрмелер, және мәдениет саласындағы даму нысандарын ұйымдастыру;
- Аймақтық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға, фестивальдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;
- Мәдени-демалыс қызмет орталығы саласында ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына бағытталған әр түрлі мәдени акциялар, бағдарламалар мен инновациялық жобаларды қолдау.
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылдық округі, Бөген көшесі , №177а .
ІІ. Кәсіпорынның қызметінде, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, кәсіпорын өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Кодексі);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi;
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы;
- "Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысы;
- "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы;
- "Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы.-
НҚА зерделеу нәтижесінде оларды сәйкесіздіктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тудыратын деректер анықталмады.
ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
3.1. Кадрлық құрам бойынша.
2023 жылы қызметкерлерді басқару: штаттық бірлік бойынша - 5; қызметкерлер саны -5. Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер- 3; есепші 0,5 штат бірлікте - 1, тазалықшы 0,5 штат бірлікте -1 жұмыс жасайды.
2023 жылдың қаңтар-қазан кадрлық құрам бойынша 0,5 штаттық бірліктегі 1 қызметкер өз еркімен өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылды (клубтың есепшісі сәуір айының 3-ші күні өз еркімен жұмыстан босатылған, «Еңбек kz» сайтына вакансия жарияланып, сауір айының 10-да жаңа есепші тағайындалған).
Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ. Мекемеде кәсіби біліктіліктерін көтеру бойынша қайта даярлау курстарына жіберу және санаттарын көтерудің кестесі мен уақыты сақталған. Еңбек тәртібін бұзушылық фактілері тіркелмеген.
Талдау жүргізілу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзғандығы үшін сотталған немесе қылмыстық іс жасағандарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталмаған.
3.2. Персоналды басқарудың тиімділігін арттыру бойынша.
Клуб кәсіпорнында мерзімі өтпеген және мерзімінен бұрын алынбаған тәртіптік жазалары анықталмады.
Есепті кезеңде жұмыс нәтижелеріне сәйкес талдау объектісінің лауазымды адамдарын көтермелеу дерегі болмаған.
Есепті кезеңде заңнаманың бұзылуы, қызметкерлер мен қызмет көрсетілетін тұлғалардың құқық бұзушылықтары орын алған жоқ.
«Бөген ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, есепті мерзім аралығында халыққа тек қана онлайн қызмет көрсетіп келген. Клуб ғимараттың жоқтығына байланысты, клуб апаттық деп танылған. Ішкі талдау нәтижесі бойынша алдағы мерзімде де онлайн іс-шара жүргізілмек.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптардың толықтығы, объективтілігі, негіздемесі қорытындылап, қарастырылды. Есепті мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер түспеген. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталады. Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген.
Есепті кезеңдерде талдау объектісіндегі қызметкерлерінің қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері мен сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардан өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.
3.3. Жұмысқа қабылдау кезінде жариялылық.
Жұмысқа қабылдау барысында Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V заңының №34 бабының тармақтарына сәйкес (Заңнның қандай нормасына сәйкес жұмысқа қабылдау жүргізіледі) мекеме басшысы тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдер болуы мүмкін.
Себебі, жұмысқа қабылдау кезінде басшылық тарапынан туған туысқандыққа жол беріліп, жақын туыстарын жұмысқа мүдделілік танытып, қабылдауы ықтимал.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес туған-туыс, ағайындықтың алдын алу мақсатында, жұмысқа азаматтарды қабылдау мәселелерін реттейтін кәсіпорын басшылығынан дербес іріктеу комиссиясын кәсіпорын басшысының бұйрығымен құрып, кәсіпорынның интернет-ресурсындағы әлеуметтік парақшаларына жарияланған күнмен, ауылдық округ тұрғындарының толыққанды қатысуына жариялылық берілсе, мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы болады.
ҰСЫНЫМ:
- «Бөген ауылдық клубы» МКҚК-на жұмысқа қабылдау барысында үміткерлерді (азаматтарды) іріктеу және конкурстық негізінде ашық пен әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жұмысқа азаматтарды қабылдау мәселелерін реттейтін кәсіпорын басшылығынан дербес іріктеу комиссиясын басшы тараптын бұйрығымен құрып, құрамына мүдделі емес, яғни мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдерін немесе т.б. комиссия мүшесіне енгізуді ұсынамын.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Клуб меңгерушісі |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
ҚР Конституциясына, ҚР өзгеде нормативтік –құқықтық актілеріне сүйене отырып, Заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алу, адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын, Заңды мүдделерін бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеу. Ұйымның және ұжымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті. Кәсіпорын директорының лауазымдық міндетте көрсетілген тараптарын ескере отыра орындалуы тиіс. |
Бұндай деректер соңғы 2 жылда орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары. |
ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.
2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Кәсіпорында мүдделер қақтығысы орын алмаған.
4.1 Кәсіпорынның белгілі бір қызметкерлеріне өздерінің функциональдық міндеттеріне қосымша комплаенс-офицер қызметін жүктеген. Бұл өз ретінде, кәсіпорын қызметкерлері өздерінің еңбек міндеттерін орындау барысында жеке мүдделіктің туындауына әкеліп соғады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде арнайы комплаенс-офицер қызметі штаттық бірлігі қарастырылмағандықтан, клуб мамандарына қосымша міндеттемелер жүктелуде, осы жағдай мүдделер қақтығысын туғызуы ықтимал. Кәсіпорында комплаенс-офицер қызметкеріне штаттық бірлік берілсе, ашықтылықты, жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық сипатының алдын алуға өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынмен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Кәсіпорынмен рұқсат беру функциясы жүзеге асырылмайды.
VІІ. Бақылау функцияларын жүзеге асыру:
Кәсіпорынмен бақылау функцияларын жүзеге асырылмайды.
VІІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
- 2023 жылға - 16542,0 мың теңге қарастырылған.
Дегенмен ішкі талдау нәтижесімен төмендегіше кемшіліктер анықталды:
Яғни, 3 494 339 теңгенің қаржысы негізсіз төлем жасалғаны анықталды.
Дегенмен, «Бөген ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Абсахиев Бакытбек Мукановичтің ЭЦҚ есепшіде екені, қаржы аударымдарын клуб меңгерушісінің келісімінсіз ЭҚЦ-ын пайдалану арқылы өзі жүргізетіні анықталды.
ҰСЫНЫМ:
- «Бөген ауылдық клубы» МКҚК-не қаржылық заң бұзушылықтар туралы жоғары органдарды хабардар етуге;
- Клуб меңгерушісі өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа тұлғаларға пайдалануға бергені әрекетіне қатысты жоғары органдарды хабардар етуге.
ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
- 2023 жылдың қаңтар-қазан айында 1 қызметкермен шарт жасасты.
Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Кәсіпорында 2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында ақпараттық жүйе әзірленбеген және ақпараттық жүйелер ауылдық округі әкімі аппараты арқылы жүзеге асырылады.
ХІ. Бөген ауылдық клубының ұйымдастырушылық – басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
11.1. Жалпы құжат айналымы:
- 2023 жылдың қаңтар-қазан айы аралығында жалпы құжат саны – 18. (кіріс-7, шығыс-11). Қаңтар-қазан айларында арыз шағымдар түскен жоқ. Мекеме басшысы – 9 бұйрық шығарды.
Өтініштер бойынша:
2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында – 1 өтініш келіп түскен.
11.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша:
2023 жылдың қаңтар-қазан айыларында әкімшілік ғимаратында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» пікірталас кеші және З. Шүкіров атындағы №20 мектептің COWORKING алаңында "Жемқорлық індет, күресу міндет" атты мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасында дөңгелек үстел өткізілді. Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Талдау нәтижесінде Кәсіпорын қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкестіктерді жою бойынша:
ҰСЫНЫМДАР:
1.1. Бөген ауылдық округі әкімі аппаратына: «Бөген ауылдық клубы» МКҚК-на жұмысқа қабылдау барысында үміткерлерді (азаматтарды) іріктеу және конкурстық негізінде ашық пен әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін маусымдық жұмысқа азаматтарды қабылдау мәселелерін реттейтін кәсіпорын басшылығынан дербес іріктеу комиссиясын кәсіпорын басшысының бұйрығымен жасалып, құрамына мүдделі емес, яғни мемлекеттік емес қоғам ұйымдардың өкілдерін немесе т.б. комиссия мүшесіне енгізуді;
1.2. «Бөген ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бюджет және қаржы қаражатын игеру барысында анықталған заңсыз төлемдер мен жалақы қаржысының жұмсалуында орын алған заң бұзушылықтар бойынша жоғарғы тұрған органды хабардар етуге.
1.3. «Бөген ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жауапты тұлғалары тарапынан ЭЦҚ-ы пайдалану заңнамаларының бұзылуы бойынша жоғары тұрған орган Бөген ауылдық округі әкімін хабардар ету
Бас маман А. Әлішев
Жетекші маман Ә. Бүркітбаев
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:
Ауылдық округ әкімі Ш. Андызбаев
«Талсуат ауылдық клубы» МКҚК
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Кәсіпорын директоры |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
ҚР Конституциясына, ҚР-ның өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сүйене отырып, заңдылықтр қағидаттарын басшылыққа алу, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеу.Ұйымның және ұжымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті. Мәселен, кәсіпорын директорының тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Кәсіпорынның директоры лауазымдық міндетте көрсетілген тараптарын ескере отыра орындауы тиіс. |
Бұндай деректер соңғы 3 жылда орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары. |
«Талсуат ауылдық клубы»
МКҚК-ның директоры
К.Нурмаганбетов
______________
«31» наурыз 2023 жыл
|
№ |
Ұсыным |
Іс-шара |
Іс-шараны аяқтау нысаны |
Орындау шылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
|
1. |
Қызылжарма мәдениет Үйі ғимаратына турникет қондырғысын орнату бойынша қаржы сұрауға хат жолдау; |
Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу |
Талсуат ауылдық округ әкімі аппаратына хат жолдау |
К.Нурмаганбетов |
1 жыл ішінде |
|
2. |
Маусымдық жұмысқа қабылдау барысында жұмысқа қабылданатын тұлғалардың мүдделерін толықтай қадағалау мақсатында, ауылдық округ әкімі тарапынан бір мүдделі тұлғаның комиссия мүшесіне енгізуге ұсыным хат жолдау. |
Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу |
Талсуат ауылдық округ әкімі аппаратына хат жолдау, уәкілетті органдарға хат жолдау
|
К.Нурмаганбетов |
1 жыл ішінде |
|
3. |
Комплаенс-офицер қызметкеріне 1 штаттық бірлік беруге ұсыным хат жолдауды |
Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу |
Талсуат ауылдық округ әкімі аппаратына, Уәкілетті органға хат жолдау |
К.Нурмаганбетов |
1 жыл ішінде |