«Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 14 өкіміне сәйкес, жергілікті атқарушы орган құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты, «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 22 ақпан күні, сағат 17:00-де Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, Ж.Маханбетов ауылы, О.Жәкенов көшесі, № 22 «А» мекен-жайында орналасқан ғимаратта жария талқылау өтетіндігін хабарлаймыз.