Ақтөбеліктер лаңкестік құрбандарын еске алды

Ақтөбеліктер лаңкестік құрбандарын еске алды

6655 әскери бөлімінің аумағында Ақтөбеде осыдан бес жыл бұрын теракт кезінде қаза болған әскери қызметшілерді еске алу шарасы өтті. Оған қала әкімі Асхат Шахаров, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, әскер ардагерлер, БАҚ өкілдері, 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты.
Осыдан 5 жыл бұрын, 2016 жылғы 5 маусымда 17 адамнан тұратын экстремистер тобы Ақтөбе қаласының екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады, сондай-ақ 6655 әскери бөлімінің аумағында орналасқан қару-жарақ қоймасын иеленуге тырысты.

Әскери қалашыққа жасалған шабуылға тойтарыс беру үшін болған қақтығыстар кезінде үш әскери қызметші оқиға орнында қаза тауып, 6 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Қаза тапқан әскери қызметшілер арасында "Батыс" ӨңҚ ҚР ҰҚК әскери қарсы барлаубөлімінің аға жедел уәкілі майор Даниэль Майлыбаев, 6655 әскери бөлімінің келісімшарттық қызметінің әскери қызметшісі сержант Берікжан Қалиев, 6655 әскери бөлімінің мерзімді қызметінің әскери қызметшісі қатардағы Досбол Сапар болды.

ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №382 Жарлығымен "Әскери борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін" майор Даниэль Майлыбаев II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды, қаза болғаннан кейін подполковник әскери атағы берілді. Кіші сержант Берікжан Қалиев пен қатардағы жауынгер Досбол Сапар қаза болғаннан кейін III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен қатардағы жауынгер Бақтияр Қайырбеков, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен қатардағы жауынгер Сырым Сүндетов, Денис Чернышов марапатталды.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен бөлімнің тоғыз әскери қызметшісі аға сержант Ғабит Балжанов, бөлім медициналық пунктінің фельдшері сержант Ирина Балмағамбетова, сержант Сатыбай Рахмет, ефрейтор Еламан Жанділдаев, ефрейтор Жеңіс Табынбаев, қатардағы жауынгерлер Артем Авдеев, Ілияс Қарақойшиев, Ақжол Шайсұлтан, Исламжан Тұрсын ішкі істер министрінің "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.

2017 жылғы 10 қаңтарда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу үшін мемориалдық тақта ашылды.

ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының 2016 жылғы 22 маусымдағы №180 бұйрығымен әскери борышын орындау кезінде ерлік жасаған және қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу мақсатында тізімге мәңгі енгізілді:

6655 әскери бөлімінің 2 атқыштар ротасы кіші сержант Қалиев Берікжан Ерланұлы;
2 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жедел мақсаттағы ротасы қатардағы жауынгер Сапар Досбол Еркінбекұлы.

2017 жылдан бастап жыл сайын ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілердің құрметіне самбо күресінен турнир өткізіліп келеді.