Жиі қойылатын сұрақтар

   Аудиторлық есепке қарсылық тек мемлекеттік аудит объектісі тарапынан, есеп қол қойылып ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 37-бабы 2-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес, аудит объектісінің басшысы мүдделері бұзылған тұлғаларды қаржылық бұзушылықтар туралы хабардар етуге міндетті.

     Мүдделері аудиторлық іс-шаралармен қозғалған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өз ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісіне жібереді.

     Мүдделері аудиторлық іс-шаралармен қозғалған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісі Заңмен көрсетілген мерзім шегінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жібереді және ол мемлекеттік аудит объектісінің қарсылықтарымен бірге қаралады.