Конституциялық Сот қорғаушыны шеттету туралы норманы қайта тексеруден бас тартты

Конституциялық Сот қорғаушыны шеттету туралы норманы қайта тексеруден бас тартты

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотқа Қылмыстық-процестік кодекстің 94-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсті.

Өтініш субъектісі сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қорғаушыны шеттету туралы мәселені тергеу судьясы емес, прокурор шешеді деп санайды. Оның пікірінше, бұл айыптау мен қорғау тараптарының тең құқықтылығы принципін бұзады.

Конституциялық Сот дауланып отырған норманың бұрын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тексерілгенін атап өтті (2024 жылғы 9 қазандағы № 53-НҚ нормативтік қаулысы). Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды шешіммен мына жерден танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/732532?lang=kk

Сонымен қатар, Конституциялық Сот өтініш берушінің Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен прокурордың қаулысына қарсылық білдіріп, сот арқылы қорғалу құқығын пайдаланғанын атап өтті. Конституциялық Сот жоғарыда айтылғандардың негізінде өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартты.