Конституциялық Сот С.М. Ахметжановтың 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодекстің (Ерекшебөлім) 951-бабы 2-тармағының және ЖоғарғыСоттың «Соттардың моральдық зиянды өтеужөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2015 жылғы27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 9-тармағының Конституцияның 13, 16, 29 және 76-баптарына сәйкестігін тексеру туралы өтінішінқарады.
АК-нің 951-бабының 2-тармағына сәйкес моральдық зиянды, көрсетілген баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кiнәсі болған кезде зиян келтiрушi өтейдi. ЖС НҚ-ның 9-тармағына сәйкес АК-нің 917-бабының 1-тармағына және 951-бабының 2-тармағына сәйкес моральдық зиянның орнын толтыру бойынша міндеттеме мынадай негіздер: тікелей жеке тұлғаға қатысты осы адамның заңмен қорғалатын жеке мүліктік емес құқықтарына және игіліктеріне қол сұғатын құқық бұзушылық (деликт) жасалған; құқық бұзушылық пен жәбірленушіге келтірілген зиян мен ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарына тиесілі жеке мүліктік емес құқықтардың бұзылуы мен жан азабына немесе тән азабына әкеп соқтырған, оған тиесілі жеке мүліктік емес құқықтардың бұзылуы арасындағы себепті байланыс болған; заңмен көзделген кінәсіз жеке мүліктік емес зиянды өтеу жағдайларынан басқа, зиян келтірушінің кінәсі болған кезде туындайды. Жоғарыда аталған негіздердің кез келгенінің болмауы жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау мүмкіндігін жоққа шығарады, өйткені олар бұзылмаған деп көзделеді.
Өтініштен өтініш берушінің ұстап алынғанын, жеке басы жете тексерілгенін және медициналық куәландырылғанын, кейіннен әкімшілік айыппұл тағайындала отырып, әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын түсінуге болады. Іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 741-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының негізінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған, кейіннен өтініш беруші өзіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының заңсыз қолданылу фактісі бойынша моральдық зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінген.
Соттар моральдық зиянның орнын толтырудан бас тартуды ЖС НҚ-ның 9-тармағымен уәждейді.
Өтініш субъектісі заңнамада белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартылған кезде моральдық зиянды өтеу туралы ережелер әкімшілік қамаққа алуды тағайындау жағдайларымен ғана шектеледі, осылайша азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруына кедергі келтіреді деп ойлайды.
Конституциялық Сот АК-нің 951-бабы 2-тармағының және ЖС НҚ-ның 9-тармағының конституциялылығын тексеру қорытындысы бойынша мынаны атап өтті.
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең (14-баптың 1-тармағы), өмір сүру (15-баптың 1-тармағы), жеке бас бостандығы (16-баптың 1-тармағы), жеке өмірге қол сұғылмау, өзінің және отбасы құпиясының болу, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалу (18-баптың 1-тармағы), денсаулықты сақтау (29-баптың 1-тармағы) құқықтары және адамға тумысынан тиесілі басқа да құқықтар мен бостандықтар Негізгі Заңға сәйкес танылады және оларға кепілдік беріледі (12-баптың 1-тармағы). Жинақтай келгенде аталған құқықтар мен бостандықтар Конституция, заңдар мен өзге де құқықтық актілер қорғайтын мызғымас әлеуметтік игілік ретінде жеке адамның толыққанды, үйлесімді даму құқығын және оның қадір-қасиетіне қол сұғылмауды (17-баптың 1-тармағы) қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл 1948 жылғы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының бағытымен және мазмұнымен үйлеседі.
Мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы өз міндеттемелерін іске асыра отырып, кез келген қолсұғушылықтарға, оның ішінде моральдық және материалдық зиян келтіруі мүмкін қолсұғушылықтарға жол бермеу арқылы оларды қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ зардап шеккенге өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен, атап айтқанда, сотқа жүгіну арқылы қорғау (Конституцияның 13-бабының 1 және 2-тармақтары) мүмкіндігін беруге міндетті. Сот билігі өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды (Конституцияның 76-бабының 1-тармағы).
Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.
Бұзылуы, айырылуы немесе кемсітілуі зардап шеккенге моральдық зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар деп азаматтың жеке басымен тұтасымен байланысты әрі оған тумысынан тиесілі игіліктерді немесе заңмен берілген құқықтарды түсіну қажет.
Моральдық зиянды өтеу дегеніміз қандай да бір құқыққа сыйымсыз әрекеттерді жасау салдарынан туындаған эмоциялық күйзелістер не физикалық ауырсыну, кемшілік, ыңғайсыздық және басқа сезімдер үшін материалдық өтемақы алу мүмкіндігі болып табылады.
Заң шығарушы моральдық зиянды өтеудің аражігін оның келтірілу мән-жайларына қарай ажыратады. Мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) келтірген зиянды, оның ішінде моральдық зиянды өтеу кезінде ерекше рәсімдер көзделген: мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес келмейтін актілерді шығаруы (АК-нің 922-бабы), анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттері (АК-нің 923-бабы). Аталған ережелерде зиян келтірушінің кінәсін дәлелдемей зиянның орнын толтыру міндеті белгіленеді, бұл билік өкілеттігі берілген субъектінің өзіндік ерекшелігіне байланысты.
Осы ережелерді тәптіштей отырып, заң шығарушы АК-нің 951-бабының 3-тармағында зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиянөтелетін жағдайларды айқындады.
АК-нің 951-бабының 1-тармағында моральдықзиян – өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалу салдарынан жан азабын немесе тән азабын басынан кешірген жеке тұлғаға, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда, оның жақын туыстарына, жұбайына (зайыбына) өтеледі деп көзделеді. Сонымен бірге Конституциялық Сот бұл ереженің ЖС НҚ-ның моральдық зиян жан азабын және тән азабын басынан өткізген жеке тұлға қайтыс болған жағдайда жақын туыстарына өтелетіні анық жазылмаған 9-тармағында өзінің толық мағынасында көрініс таппағанын атап өтті. Жоғарғы Соттың түсіндірмесінде моральдық зиян өтелетін субъектілер тобы тарылған, оларға жұбайы (зайыбы) көрсетілмей, тек жақын туыстары жатқызылған.
Бұдан басқа, Конституциялық Сот АК-нің (Ерекше бөлім) 951-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы заңнамалық актілерге сілтеме жасайтынына назар аударады, ал Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне қатысты негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға құқылы.
Конституциялық Сот тексерістің қорытындысы бойынша 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодекстің 951-бабының 2-тармағын және Жоғарғы Соттың «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 9-тармағын Конституцияға сәйкес келеді деп таныды.
Сонымен қатар, анықталған құқықтық сәйкессіздіктерді ескере отырып, ол: Үкіметке Азаматтық кодекске өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды, ал Жоғарғы Сотқа – «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7нормативтік қаулысын 9-тармағын АК-нің 951-бабының 1-тармағына (Ерекше бөлім) сәйкес келтіруді ұсынды.
Нормативтік қаулының толық нұсқасымен сілтеме арқылы танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/532647?lang=kk