Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат
(2023 жылғы 6 қазандағы №32-НҚ)
Конституциялық Сот азаматтың Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – АК) 951-бабы 2-тармағының және Жоғарғы Соттың «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының (бұдан әрі – ЖС НҚ) 9-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.
Өтініш субъектісі көрсетілген нормалар әкімшілік жауаптылыққа тартылған кезде моральдық зиянды өтеу тек әкімшілік қамаққа алуды тағайындау жағдайларымен ғана шектеледі, бұл оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруына кедергі келтіреді деп ойлайды.
Конституциялық Сот Заң шығарушы моральдық зиянды өтеудің аражігін оның келтірілу мән-жайларына қарай ажыратады деп санайды. Атап айтқанда, заң шығарушы моральдық зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан өтелетін жағдайларды анықтады. Барлық өзге жағдайларда АК-де зиян келтірушінің кінәсі болған кезде ғана моральдық зиян өтеледі деп белгіленген. Сонымен қатар АК-нің 951-бабының 1-тармағында моральдық зиян – өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалу салдарынан жан азабын немесе тән азабын басынан кешірген жеке тұлғаға, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда, оның жақын туыстарына, жұбайына (зайыбына) өтеледі деп көзделеді. Бұл ереже ЖС НҚ-ның моральдық зиян жан азабын және тән азабын басынан өткізген жеке тұлға қайтыс болған жағдайда жақын туыстарына өтелетіні анық жазылмаған 9-тармағында өзінің толық мағынасында көрініс табуға тиіс. және түсіндірмесінде моральдық зиян өтелетін субъектілер тобы тарылған, оларға жұбайы (зайыбы) көрсетілмей, тек жақын туыстары жатқызылған.
Конституциялық Сот АК 951-бабының 2-тармағын және ЖС НҚ 9-тармағын Конституцияға сәйкес келеді деп таныды және Үкіметке – АК өзгерістер енгізу туралы және Жоғарғы Сотқа – ЖС НҚ өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарауды ұсынды.