
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот өзінің 2024 жылғы 26 шілдедегі №50-НҚ нормативтік қаулысында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/697428?lang=kk) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 616-бабының екінші бөлігімен өзара байланысты болу үшін осы Кодекстің 616-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының ережесі «талапкерлер –» деген сөзді қолдану бөлігінде Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімінде кемсітушілік белгілерінің анықталуына байланысты Салық кодексінің талапкерлер үшін ғана мемлекеттік бажды төлеуден босатуды көздейтін ережесі Конституцияға сәйкес емес деп танылды, өйткені жауапкерлер мен сол әлеуметтік мәртебесі бар процестің басқа да қатысушыларында осындай құқықтың болмауы мұндай адамдардың сот арқылы қорғалу конституциялық құқығын іске асыруға кедергі келтіреді.a
Конституциялық Сот азаматтарды олардың бірдей әлеуметтік мәртебесі болған кезде кассациялық шағым жасау сатысында процестік жағдайы бойынша бөлудің ақылға қонымды және объективті негіздемесі жоқ екенін, құқықтық қорғау құралдарында теңсіздік белгілері қамтылатынын атап өтті.
Конституциялық Соттың осы шешімі 2025 жылғы 18 шілдедегі жаңа Салық кодексін (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2500000214) қабылдау шеңберінде іске асырылды. Атап айтқанда, 668-баптың 13-тармақшасының жаңа редакциясында «талапкерлер» ұғымы алынып тасталды. Енді аталған санаттағы барлық адамдар талапкердің немесе жауапкердің процессуалдық мәртебесіне қарамастан соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады.