Өзіне зақым келтіре отырып топтасып бағынбау үшін жауапкершілік туралы норма Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын ескере отырып түзетілді

Өзіне зақым келтіре отырып топтасып бағынбау үшін жауапкершілік туралы норма Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын ескере отырып түзетілді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сот өзінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы №37-НҚ нормативтік қаулысында Қылмыстық кодекстің 428-бабы үшінші бөлігін Конституциялық Сот берген түсіндірмеде (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/564719?lang=kk) Конституцияға сәйкес келеді деп таныды. Оның мәні, егер оның мақсаты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін (режимін) бұзу болып табылса, өзіне зақым келтірумен ұштасқан топтық бағынбауға қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға жол беріледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=39799050#activate_doc=2) 2025 жылғы 16 шілдедегі Заңмен шешімді орындау үшін ҚК-нің 428-бабының редакциясы сотталғандардың өзіне зақым келтірудің мақсаттарымен толықтырылды, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін белгілеу үшін пайдаланылатын терминология нақтыланды.