Заңсыз қаржылық қызмет үшін жауапкершілік туралы норма Конституцияға сәйкестендірілді

Заңсыз қаржылық қызмет үшін жауапкершілік туралы норма Конституцияға сәйкестендірілді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сот өзінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 31-НҚ нормативтік қаулысында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/529816?lang=kk) Қылмыстық кодекстің 214-бабының диспозициясы заң шығарушының назарын оны одан әрі заңнамалық жетілдіруге аударды. Ол заңсыз кәсіпкерлік қызметпен, банктік қызметпен (банк операциялармен), микроқаржылық және коллекторлық қызметпен байланысты бірнеше баламалы іс-әрекеттермен шектелмейді, олар ҚК-нің жекелеген нормаларында саралануы мүмкін. Мұндай заңнамалық тәсіл құқық қолдану практикасында белгілі бір қиындықтар туғызады және адамның конституциялық құқықтарын бұзу қаупін тудырады.

Бұл шешім «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=39799050#activate_doc=2) 2025 жылғы 16 шілдедегі Заң шеңберінде іске асырылды. Атап айтқанда, ҚК-нің 214-бабынан заңсыз банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызмет туралы сөз алынып тасталды, бұл ретте қылмыстардың нақтыланған құрамдары мен жазаларды градациялаумен осы салалардағы заңсыз қызмет үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін 214-1 және 214-2 жекелеген баптары енгізілді.

Сонымен қатар, Конституциялық Сот өз шешімінде азаматқа келтірілген ірі залалды, сондай-ақ акцизделетін тауарлар айналымы кезінде аса ірі мөлшерді айқындаудың өзара үйлесімсіздігін көрсетті: әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте 1 000 АЕК-ке дейінгі шек белгіленген болса, ҚК-те ол 2 000 АЕК немесе одан да көп құрайды.

Бұл бөлімде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=39658681#activate_doc=2) 2025 жылғы 10 қаңтардағы заңмен ӘҚБтК-нің 153-бабына ірі залал мен аса ірі мөлшерді айқындауға қатысты түзетулер енгізілді.