Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат
(2023 жылғы 3 қазандағы № 31-НҚ)
Конституциялық Сот азаматтың Қылмыстық Кодекстің (бұдан әрі - ҚК) 214-бабы ескертпесінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.
Баптың ескертпесіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш жасаған адам залал ерікті түрде өтелген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Өтініш субъектісі ірі мөлшерде кіріс алатын, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді (криптовалюталарды) айырбастау арқылы жасалған заңсыз кәсіпкерлігі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды және оның пікірінше, даулы ескерту Конституцияға сәйкес келмейді, өйткені ол
іс-әрекеттері ірі мөлшерде кіріс алумен байланысты, ал қылмыстық істерінде залал келтірмеген адамдарға қолданылмауға тиіс, бұл оларды залал келтірген және оны өз еркімен өтеген кінәлілермен тең емес жағдайға қояды деп пайымдайды.
Конституциялық Сот Кылмыстық кодекстің баптарына ескертпелер енгізу жекелеген ұғымдарды түсіндіруге, зиянның, залалдың көлемі мен мөлшерін белгілеуге немесе нақты бапқа қатысты қылмыстық жауаптылықтан босату шарттарын айқындауға бағытталған деп санайды.
Ірі мөлшерде табыс табумен немесе акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасатын құқыққа қайшы әрекеттерді жасау, егер олар алғаш рет жасалса да, ҚК-нің 214-бабының ескертпе қағидаларына жатпайды және заң алдында барлығының теңдігі қағидатына қайшы келмейді, өйткені аталған ескертпені қолдану кімнің жасағанына байланысты емес жауапкершілігі аталған бапта көзделген ірі залал келтіруге әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылық. Сонымен қатар, ҚК-нің 214-бабының диспозициясы заң шығарушының назарын оны одан әрі заңнамалық жетілдіруге аударады. Ол заңсыз кәсіпкерлік қызметпен, банктік қызметпен (банктік операциялармен), микроқаржылық және коллекторлық қызметпен байланысты бірнеше баламалы іс-әрекеттермен шектелмейді, олар ҚК-нің жекелеген нормаларында саралануы мүмкін.
Конституциялық Сот ҚК-нің 214-бабының ескертпесін Конституцияға сәйкес деп таныды және Үкіметке Қылмыстық кодекске және өзге де заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарауды ұсынды.