Қорғауға құқығы бар куәнің процессуалдық құқықтары Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарына сәйкестендірілді

Қорғауға құқығы бар куәнің процессуалдық құқықтары Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарына сәйкестендірілді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сот Қылмыстық процестік кодекстің 217-бабы үшінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өзінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №15-НҚ нормативтік қаулысында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/471968?lang=kk) заң шығарушы қорғауға құқығы бар куәгерді мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдардың тізіміне қоспағанын атап өтті. Сонымен бірге, ҚПК өзінің құқығын дербес немесе өзінің туыстары не сенім білдірілген адамдары арқылы адвокатты қорғаушы ретінде шақыру және оның қатысуымен айғақтар беру құқығын көздейді және бұл әркімнің білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығына сәйкес келеді. Құқық қолдану практикасында айғақтарды сақтауға қою кезінде қорғауға құқығы бар куәнің болу қажеттілігі туралы мәселені шешуді тергеу судьясының қарауына қалдыру кейіннен осы адамның күдікті (айыпталушы) мәртебесіндегі іс жүргізу құқықтарының шектелуіне әкеп соғуы мүмкін.

Шешімді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 16 шілдедегі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000210) Заңмен ҚПК-нің көрсетілген нормасына қорғауға құқығы бар куәнің процессуалдық құқығын күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізілді.