Конституциялық Соттың шешімін орындау мақсатында қылмыстық қудалау шеңберінде маман тарту туралы норма нақтыланды

Конституциялық Соттың шешімін орындау мақсатында қылмыстық қудалау шеңберінде маман тарту туралы норма нақтыланды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сот өзінің 2023 жылғы 20 шілдедегі № 24 нормативтік қаулысында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/497333?lang=kk) Қылмыстық-процестік кодекстің 80-бабы екінші бөлігі төмендегідей түсіндірмеде Конституцияға сәйкес деп танып, құқық қорғау органының уәкілетті бөлімшесінің немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін маман ретінде тартуға, егер бұл қызметкер іске мүдделі тұлға болып табылмаса, дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдемдесу үшін қажетті арнаулы бiлiмi мен арнаулы құзыреті болса, сондай-ақ республика аумағында заңнаманың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырмаса, жол беріледі деді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 16 шілдедегі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000210) Заңымен шешімді орындау үшін Қылмыстық-процестік кодекстің 80-бабы екінші бөлігі «сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері жоқ».