Жоғарғы Сот моральдық зиянды өтеу саласындағы нормативтік қаулыны Конституцияға сәйкестендірді

Жоғарғы Сот моральдық зиянды өтеу саласындағы нормативтік қаулыны Конституцияға сәйкестендірді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Жоғарғы Сот «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P230000004S 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулыға өзгерістер енгізді. Түзетулермен жеке тұлға қайтыс болған жағдайда моральдық зиян өтелетін субъектілер шеңбері кеңейтілді.

Бұл түзетулер Конституциялық Соттың 2023 жылғы 6 қазандағы №32-НҚ қорытынды шешімін орындау үшін қабылданды https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/532647?lang=kk. 

Онда Конституциялық Сот Жоғарғы Соттың аталған нормативтік қаулысында моральдық зиян жан азабын және тән азабын шеккен жеке тұлға қайтыс болған жағдайда моральдық зиянды өтеуге тиіс субъектілер шеңберіне жұбайы (зайыбы) жатқызылмағанын атап өтті.