Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Жоғарғы Сот «Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P250000003S) 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізді.
Нормативтік қаулыдан ата-ананың материалдық немесе отбасылық жағдайының өзгеруі алимент мөлшерінің өзгеруі туралы талапты қанағаттандыру үшін сөзсіз негіз болып табылмайтындығы туралы ережелер алынып тасталды.
Бұл түзетулер Конституциялық Соттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 58-НҚ қорытынды шешімін орындау үшін қабылданды (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/769746?lang=kk).
Онда Конституциялық Сот Жоғарғы Соттың аталған нормативтік қаулысы алимент сомасы төлеуші жалақысының және (немесе) өзге де кірісінің жартысынан асатын кезде бірнеше сот актіcі бойынша оларды өндіріп алуға байланысты мән-жайларды көрсететін басқа заңдардың ережелерін толық көлемде түсіндірмейді деп атап өтті.