Қорғаныс министрлігі Әскери қызметшілерге ақшалай ризық төлеу қағидаларын Конституцияға сәйкестендірді

Қорғаныс министрлігі Әскери қызметшілерге ақшалай ризық төлеу қағидаларын Конституцияға сәйкестендірді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

19 мамырдан бастап «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G25B0000527) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына енгізілген түзетулер күшіне енді. Түзетулер қатарында бұйрықты «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес келтіруге бағытталған нормалар бар. Бұған дейін Конституциялық Сот Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген ақшалай ризық төлеу қағидаларының 26 және 30-тармақтарының ережелерін Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған болатын. (Конституциялық Соттың 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 62-НҚ нормативтік қаулысы https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/786563?lang=kk).   

Ведомстволық бұйрық Заңның ережелеріне қарамастан, әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде олардың әскери емес лауазымдарда ақшалай ризық төлеуді шектеді. Конституциялық Сот Министрліктің бұйрығы деңгейінде мұндай шектеуді белгілеу еңбекке сыйақы төлеу құқығын, жалақының, зейнетақының, әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі мөлшерінің кепілдіктерін заңды негіздер бойынша бекітетін Конституцияға, сондай-ақ құқықтарды тек заңдармен шектеу туралы ережеге сәйкес келмейтінін атап өтті. Конституцияның 74-бабына сәйкес заңдар мен өзге де құқықтық актілер, олардың Конституцияға сәйкес емес деп танылған жекелеген ережелері жойылады және қолданылмайды.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қолданыстағы заңға сәйкес ведомстволық бұйрықты жүргізу бойынша қосымша шаралар қабылдады.