Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 20-НҚ нормативтік қаулысы

Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат

(2023 жылғы 11 шілдедегі №20-НҚ)

 

Конституциялық Сот қабылдаған және Президентке қол қоюға ұсынылған «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң), «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы Президенттің өтінішін қарады.

Конституциялық Сот, келесі құқықтық ұстанымдарды тұжырымдай отырып, тексеру үшін ұсынылған құқықтық актілерді Конституцияға сәйкес деп таныды:

- табиғи ресурстардың халыққа тиесілі болуы мемлекетті Қазақстан халқына тиесілі осы объектілерге меншік құқығын қорғау және заңсыз алынған табиғи ресурстар мен олармен байланысты активтерді оларды тікелей халықтың мүддесі үшін пайдалану үшін заңды иесіне қайтару жөнінде барлық қажетті шараларды қолдануға міндеттейді;

- бастапқыда заңсыз сатып алынған мүлік, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе қызметтік жағдайды теріс пайдалану нәтижесінде заң негізінде және онда айқындалған тәсілдер мен рәсімдерге сәйкес оның заңды меншік иесіне, оның ішінде мемлекетке қайтарылуы тиіс;

- меншік құқығы абсолютті болып табылмайды, заңда көзделген жағдайларда мүліктік құқықты шектеу азаматтық-құқықтық қатынастарда да, жария-құқықтық салада да заңды болып табылады;

- Конституциялық кепілдіктер заңдарда белгіленген негіздер мен рәсімдерді бұза отырып сатып алынған мүліктік игіліктерге, сондай-ақ оларды пайдаланудан алынған түсімдерге қолданылмайды;

- заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару конституциялық маңызды мақсаттарға сәйкес келеді, жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделер теңгерімін сақтауға бағытталған.

Дата публикации
11 июля 2023