Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 01 маусымдағы №18-НҚ нормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат

(2023 жылғы 1 маусымдағы № 18-НҚ)

 

Конституциялық Сот Жоғарғы Соттың 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының (бұдан әрі – ЖС НҚ) 3-тармағының бесінші абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін қарады.

ЖС НҚ сәйкес сотқа өтініш берушінің жұбайы әке болуды анықтаған баланы асырап алу туралы өтінішіне молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысын қолдану және осы ережені сақтамаған кезде осы өтінішті қайтару міндеттілігі туралы императивті талап енгізілді.

Өтініш субъектісінің пікірінше, бала асырап алу мәселелері мен рәсімдерін реттейтін Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК) 33 – тарауының және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодекстің (бұдан әрі НОтК) 13-тарауының нормаларында бала асырап алу туралы өтінішпен сотқа жүгіну үшін мұндай міндетті талап жоқ. Өтініш субъектісі ЖС НҚ-да түсініктеме берілмеген, бірақ сотқа жүгіну үшін заңда көзделмеген «негізсіз және артық талап» белгіленген деп санайды.

Конституциялық сот азаматтың баланы асырап алу туралы өтінішін соттың қайтаруы туралы ереженің императивтілігі, егер молекулярлық-генетикалық сараптаманың нәтижелері сотқа өтінішке қосымшада ұсынылмаса, сот төрелігіне қол жеткізуді шектейді, осылайша азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғау құқығын бұзады деп санайды. Өтінішке қоса берілген материалдарда мұндай сараптаманың болмауы баланың құқықтарын қорғау және баланың нақты адамнан шыққанын ғылыми сенімділікпен растайтын дәлелдеме алу мақсатында сот талқылауы барысында оны тағайындау құқығынан айырмайды. Молекулярлық-генетикалық сараптаманың қорытындысын әке болудың (ана болудың) қажетті дәлелдерінің бірі деп танитын Жоғарғы Соттың құқықтық ұстанымы сот шешімдерінің дәлелді базасын нығайтуға жәрдемдеседі және баланың құқықтарын қорғауға қызмет етеді. Алайда, молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысын сотқа өтініш берушінің жұбайы әке болуды анықтаған баланы асырап алу туралы өтінішке қоса беру және осы Ереже сақталмаған кезде өтінішті қайтару туралы императивті талаптар Конституцияның 13-бабының
2-тармағына сәйкес келмейді.

Конституциялық Сот ЖС НҚ 3-тармағының бесінші абзацын Конституцияға сәйкес емес деп таныды.

Дата публикации
01 июня 2023