Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 22 мамырдағы №16-НҚ нормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат

(2023 жылғы 22 мамырдағы № 16-НҚ)

 

Конституциялық сот азаматтың Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің (бұдан әрі - ӘРПК) 102-бабының екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады, онда әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттарға осы Кодексте көзделген жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар сотталады.

Өтініш субъектісі соттың өзінің әкімшілік талаптарын қайтаруы оның конституциялық құқықтарын бұзады деп санайды, өйткені оның, мекеме әкімшілігі мен әскери бөлімнің арасында туындаған құқықтық қатынастар жария-құқықтық сипатта болады, ал ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігі «жария-құқықтық қатынастар» ұғымының мағынасын ашпайды.

Конституциялық Сот ӘРПК-де «жария-құқықтық қатынастар» ұғымының мағынасының болмауы заңнамалық актіні жіберіп алу немесе оның жетіспеушілігі емес, жария құқықтың табиғатына байланысты деп санайды. Соттың үкімді орындау сатысындағы қызметі, сондай-ақ басқа да кезеңдердегі қызметі қылмыстық процестің бірыңғай қағидаттарына негізделген және қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған. Мұндай қызметті ҚАК реттемейді, ол іс жүргізу заңы болып табылмай, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзету, сотталғандардың да, өзге де адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу сияқты қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттарына байланысты тар мамандандырылған бағытқа ие.

Заң шығарушы ӘРПК қабылдау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен реттелетін рәсімдерді ӘРПК реттейтін Әкімшілік рәсімдер қатарынан негізді түрде алып тастады.

Конституциялық Сот ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігін Конституцияға сәйкес деп таныды.

Дата публикации
22 мая 2023