Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 6 Нормативтік қаулысы

Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат

(2023 жылғы 27 наурыздағы № 6)

 

Конституциялық сот азаматтың Қылмыстық-атқару кодексінің 141-бабы үшінші және бесінші бөліктерінің, алтыншы бөлігінің 1) және 3) тармақшаларының (бұдан әрі – ҚАК) өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан сотталғандар (жазаны өтеудің дағдылы және қатаң жағдайларында) мен бас бостандығынан айырудың белгілі бір мерзімдеріне сотталғандар арасындағы айырмашылықтарға қатысты жазаны өтеу шарттарын өзгерту мерзімдерінің ұзақтығында, азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға арналған ақшалай қаражатты ай сайын жұмсау мөлшерінде, сондай-ақ жыл бойы кездесулердің саны мен ұзақтығында көрінетін айырмашылықтарға қатысты ережелерінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін қарады.

Өтініш субъектісінің пікірінше, ҚАК-тің көрсетілген ережелері «заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» және «... өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деген конституциялық ережелерге қайшы келеді.

Конституциялық Соттың пікірінше, жазаны өтеу жағдайларын саралау ақылға қонымды болуға тиіс, кемсітушілікке алып келмеуге және сотталғандарды түзелуге ынталандыратын және оларды қайта әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін шараларға қолданылмауға тиіс. Сот айқындаған жаза мерзімінің ұзақтығына қарамастан, бас бостандығынан айыруға сотталғандармен қарым-қатынас жасау олардың жеке-дара түзелуіне және әлеуметтік оңалуына ықпал етуге тиіс. ҚАК-тің тексерілетін нормасының ережелері сотталғандардың конституциялық құқықтарына нұқсан келтіреді және өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар мен бас бостандығынан айырудың белгілі бір мерзіміне сотталғандарға қатысты, мекеменің осы түрінде жазасын өтеп жатқан жағдайдың сәйкестігін немесе ұқсастығын ескерілгенде объективті, ақылға қонымды негіз жоқ.

Конституциялық Сот ҚАК-тің 141-бабының үшінші, бесінші бөлігін және алтыншы бөлігінің 1) тармақшасын Конституцияға сәйкес деп таныды және ҚАК-тің 141-бабы алтыншы бөлігінің 3) тармақшасын Конституцияға сәйкес емес деп таныды және ҚАК-не қабылданған түзетулер қолданысқа енгізілгенге дейін жазасын қалыпты жағдайларда өтеп жүрген өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулер саны бөлігінде таратуға қаулы етті.

Дата публикации
27 марта 2023