Артқа

Азимова Эльвира Әбілхасымқызы

Конституциялық Сотының Төрағасы

Жалпы ақпарат, білімі

Эльвира Әбілхасымқызы Азимова
1973 жылы дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін.

Мансап

Еңбек қызметін Шымкент қаласы Дзержинский аудандық ішкі істер бөлімінің басқару пультінің кезекші операторы болып бастаған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, онда Халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы, бас консультанты болып жұмыс істеді (1996-1999). Одан әрі Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды (1999-2005).

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап-арыз жұмысы департаменттерін басқарды (2005-2010).

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры болып жұмыс істеді (2010-10.2013).

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары лауазымын атқарды (02.10.2013-09.2019).

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды (02.09.2019-31.12.2022).

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (18.09.2021) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды (17.05.2022).

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы (01.01.2023 бастап, 18.09.2026 қайта тағайындалды).