Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың
басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Президенті сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы айта келіп, қоғамның қатысуынсыз
жемқорлықты жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті. Сыбайлас
жемқорлық-бұл жай ғана қылмыс емес, сонымен бірге экономиканың дамуы
мен елдің саяси жүйесінің жұмыс істеуінің көрсеткіші. Қазіргі әлемде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмыс үздіксіз
жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
үшін құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында біздің азаматтар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын
сақтауға міндетті;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді
сақтауға міндетті;
3) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, лауазымды адамдардың
шешімдері мен нұсқауларын олардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде
орындауға міндетті.
4) жұмыстан тыс уақытта сыбайлас жемқорлық мінез-құлық
жағдайларына жол бермеуге, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік
нормаларын ұстануға тиіс.
Дене тәрбиесі және спорт саласында жеке және заңды тұлғалардың
құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде мамандар:
- азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен
заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда
белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар
бойынша қажетті шаралар қолдануға;
- көзделмеген құжаттарды талап етуге жол бермеу, сондай-ақ басқару
функцияларын орындау барысында әуре-сарсаңнан (төрешілдіктен) аулақ
болу;
- белгілі бір міндеттердің орындалуын реттейтін нормативтік құқықтық
актілерде сәйкессіздік анықталған жағдайда, уәкілетті органға жазбаша
нысанда дереу хабарлауға;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне
ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен
біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
шектеулер мен тыйымдарды сақтауға міндетті.
Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді
дайындау және қабылдау кезінде:

- мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда
заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
- бақылау іс-шараларын және шешім шығаруды көздейтін өзге де іс-
әрекеттерді жүргізу кезінде мәселелерді объективті түрде қарау, шешімдерді
тек қана заңнамаға сәйкес қабылдау;
- мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдер қабылдау
кезінде өзінің заңды міндеттерін орындауға байланысты ешқандай
материалдық игіліктер, қызметтер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;
- өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне
сәйкес өкілеттігін жүзеге асыру;
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
- нормативтік-құқықтық актілерді дайындау барысында ҚР 2016 жылғы
6 сәуірдегі №480-V ҚРЗ "Құқықтық актілер туралы"Заңын қатаң ұстану;
- нормативтік құқықтық актілердің мазмұны азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын қозғайтын жағдайларда, оларды қоғамдық талқылаусыз
әзірлеуден және қабылдаудан аулақ болуға;
- өзіне немесе үшінші тұлғаларға пайда табу мақсатында нормативтік
құқықтық актілерді қабылдауға жол бермеу;
- белгісіз адамдар тобына немесе жеке анықталған адамдарға жүгіну
керек.

Жабагин Е.Т.
ГУ «Науырзым ауданының дене
тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ
басшысы

Дата публикации
29 июля 2022
Дата обновления
29 июля 2022
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
12 марта 2026
Для лиц с инвалидностью
Статьи
05 марта 2026
Фитоанализ семян пшеницы как метод выявления фузариоза.
Информация
12 февраля 2026
РЕФЕРЕНДУМ – 2026

Социальные медиа

Twitter

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК