"Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Міндеттер:
Қостанай облысының аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;
өзге де міндеттерді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген.
Функциялары:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде 0,07 мегапаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан астам судың қызу температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифттердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерін салуға қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттардың және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттардың, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын қайта беру туралы шарттардың есебін жүргізу;
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Мекен-жай | 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 112 |
Байланыс телефоны | +7 (7142) 575109 |
gask@kostanay.gov.kz |