
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) 2026 жылғы 3 сәуірден 24 сәуірге дейін басқарманың 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін жария талқылау жүргізілетінін хабарлайды.
Есеп мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру мақсатында дайындалды.
Есеппен:
1) Басқарманың интернет-ресурсында: «Құжаттар» бөлімінде; сондай - ақ «Барлық жаңалық» - «Жарияланымдар» бөлімінде интернет-ресурста түсініктеме беру мүмкіндігі бар «...қызметінің есебі» құжаты;
2) Instagram әлеуметтік желісінде («mskbb_kostanay» аккаунты);
3) тікелей Басқармада (Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112) танысуға болады.
Қоғамдық талқылау келесі жолдармен жүзеге асырылады:
есептің түсініктемелері;
мүдделі жеке және заңды тұлғалардың тікелей қатысуы;
575-115 телефоны бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау (лицензиялау және аттестаттау бөлімі).
Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ осы саладағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.