
«Патриот – 2026» байқауы
Байқаудың мақсаты - белсенді азаматтық ұстанымы мен жоғары кәсібилігін көрсеткен, әрі қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосқан азаматтарды анықтау және көтермелеу, сондай-ақ адалдық, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету құндылықтарын насихаттау.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер:
-ереже: сілтеме
Өткізу мерзімі
Өтініштер 2026 жылғы 4 мамырдан 24 мамырға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Конкурстық комиссия өтінімдерді 2026 жылғы 30 мамырға дейін қарайды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2026 жылдың 4 маусымында өтеді.
Қатысу үшін:
- толтырылған өтінім;
- номинанттың қысқаша мінездемесі;
- еңбегі мен жетістіктері туралы ақпарат;
- растайтын материалдар (фотосурет, бейнеролик, жарияланым, сілтемелер) ұсыну қажет.