Қостанай облысының журналистері арасында байқау өткізу туралы ереже

Қостанай облысының журналистері арасында байқау өткізу туралы ереже

«БЕКІТЕМІН»

Қостанай облысы әкімдігі

 Ішкі саясат басқармасының басшысы 

_______________Б. Аққожина

2021 жылғы  «___» _________

 

 

Қостанай облысының журналистері арасында байқау

өткізу туралы ереже

 

Жалпы ережелер

Облыстық конкурс Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсанында облыстық, қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі БАҚ) журналистері, республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері арасында өткізіледі.

Байқаудың ұйымдастырушысы - «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ.

  

 Байқаудың мақсаты:

         - бұқаралық ақпарат құралдарында елдің, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерін, тәуелсіз мемлекеттің саяси құрылысын жариялау бойынша редакциялық ұжымдардың шығармашылық және кәсіби жұмысын белсенділендіру;

 - БАҚ қызметкерлерінің кәсібилігін көтермелеу және шығармашылық тәсілі мен шеберлігінің өсуіне ынталандыру;

          - журналистердің шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру, мерзімді баспасөзде басым, қоғамдық-саяси және әлеуметтік маңызды тақырыптарды кеңінен жариялау.

   
Өткізу мерзімі, тәртібі және шарттары

Байқауға қатысуға республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері, облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері дайындаған материалдар беріледі.

Байқау туралы ереже Ішкі саясат басқармасының www.sayasat.kostanay.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ VKontakte,  Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланады.

  

Байқауға қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады:  Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 1-қабат, 505-кабинет. Байланыс телефоны: 575-354

Байқау 3 кезеңде өткізіледі.

а) материалдар жинау (2021 жылғы 25 мамырға дейін)

б) байқау комиссиясының жұмысы (2021 жылғы 1 маусымға дейін)

в) конкурстық комиссияның қорытынды шығаруы  (2021 жылғы 10 маусымға дейін)

 

  1. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

 Байқау жұмыстары әр түрлі жанрда болуы мүмкін - 2020 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 25 мамырына аралығында мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жарияланған, эфирде орналастырылған мақалалар, очерктер, репортаждар, теле-радиобағдарламалар.

Газет және журнал материалдары түпнұсқада немесе газет (журнал) жолағының көшірмесінде ұсынылады. Басылымның атауы мен нөмірі, жарияланған күні міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Теледидар, радиосюжеттер, хабарлар теле-радиоарнаны, бағдарламаның атауын және эфирге шыққан күнін көрсете отырып, электрондық тасымалдағыштармен ұсынылады. 

Интернет-басылымдардың материалдары жарияланған сайт пен  ақпараттық агенттіктің атауын, белсенді сілтемені көрсете отырып, баспа  түрінде берілуі қажет.

 Фотожұмыстар А4 өлшемінде мерзімді баспа басылымының PDF-нұсқасынан басылған түрінде ұсынылады.

 Операторлық жұмыстар бейнесюжеттер ретінде телеарнаны, бағдарламаның атауын және эфирге шығу күнін көрсете отырып, электрондық тасымалдағыштармен ұсынылады.

Қатысушылар файлдық папкаға салынған (эстетикалық ресімделген) құжаттар пакетін тапсырады, оның ішінде міндетті түрде номинациясы көрсетілген өтінім, өтінімге кемінде 5 материал, бағдарламаларды қоспағанда кемінде 3 материал қоса тіркеледі:

- мерзімдік материалдар – көлемі кемінде 400 см2;

- теле-радиосюжеттер – кемінде 1,5 минут;

- хабарлар – 15 минуттан кем емес;

- интернет-мақалалар – көлемі кемінде 1000 белгі.

 Тиісті үлгіде ресімделмеген конкурстық жұмыстар қаралмайды.

Байқауға қатысушы тек бір номинация бойынша өтінім бере алады.

Байқау жұмыстары қайтарылмайды және рецензияланбайды.

Байқаудың Ұйымдастыру комитеті байқауға арналған конкурстық жұмыстарды баспа және электрондық өнімдерде жариялау құқығын өзіне қалдырады.

Байқау жұмыстарының тілі - қазақ, орыс.

 

  1. Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері:

 - материалдардың талдамалық деңгейі және ақпараттық қанықтығы;

- объективтілік және дәйектілік, жарияланымда дәлсіздіктер, құзыретті емес тұжырымдардың болмауы;

- тақырыпты толық ашу;

- авторлық стиль және тіл мәдениеті;

- тақырыпты әзірлеу бірегейлігі;

- ұсынылатын ақпараттың жаңалығы мен маңыздылығы;

- материалды мазмұндаудың түсініктілігі;

- танытылған қоғамдық қызығушылық;

- материалдарды жазу, монтаждау және ұсыну сапасы.

- конкурстың тақырыбына, мақсаты мен міндеттеріне материалдың сәйкестігі.

 

  1. Журналистер арасындағы байқау номинацияларының атауы

 

Республикалық БАҚ (теледидар, мерзімді баспасөз басылымдары,

ақпараттық агенттіктер)

1.      

«Өңірлердің дамуы – елдің дамуы»

Қостанай облысының жетістіктері, сондай-ақ ЕурАЗЭҚ аясындағы шекаралық ынтымақтастық пен жұмыс туралы республикалық БАҚ-тағы имидждік материалдардың сериясы үшін.

 

Баспа БАҚ, ақпараттық агенттіктер, желілік ресурстар

2.      

«Даму діңгегі» – «Стержень развития»

Қостанай облысының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жыл сайынғы Жолдаулар мен стратегиялық құжаттарды іске асыру призмасы арқылы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, атап айтқанда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында орындалған жарияланымдар сериясы үшін.

 

3.      

«Ауыл – Ел бесігі»

Ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейінің сапасын арттыруға, өңірлерде еңбек идеологиясын насихаттау мен Қостанай облысы өңірлерінің қоғамдық-саяси өмірін бейнелейтін іс-шараларды жариялауға арналған жарияланымдар топтамасы үшін.

 

4.      

 «Рухани жаңғыру жаршысы»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын,  адамгершілік және мәдени құндылықтарды, жоғары мәдени прагматикалық ұлт қалыптастыруды ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған басылымдар сериясы үшін.

 

Электрондық БАҚ (теледидар, радио)

5.      

«Біргеміз, тұтас іргеміз»

Тәуелсіздік, бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам және жоғары руханият, отбасылық дәстүр мен әдет- ғұрып, мәдениет пен тілді сақтау сияқты негізгі құндылықтарды, этносаралық және мәдениетаралық үнқатысудың әр түрлі нысандарын жария етуге бағытталған бейне -, аудиорепортаждар сериясы үшін.

 

6.      

«Халық және билік»

Қазіргі заманғы қоғамды дамытудың өзекті мәселелерін, Қостанай облысының маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси оқиғаларын жариялауға бағытталған бағдарламалар циклі үшін.

 

Электрондық және баспа БАҚ (республикалық, облыстық, қалалық)

 

7.      

«Тәуелсіздік жетістіктері»

Қостанай облысының Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы туралы материалдар топтамасы үшін

8.      

«Алтын көпір»

«Халық үніне кұлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға арналған материалдар топтамасы үшін

 

9.      

«Біздің батырларымыз»

Коронавирустық пандемия кезіндегі дәрігерлер, полицейлер мен еріктілердің және т. б. жұмысын көрсететін материалдар топтамасы үшін

 

10.                        

«Интернет иірімі»

Азаматтарды интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық кеңістікке тарту (объективтілік, тұрақтылық, жобалардың болуы, ресімдеу, беру нысаны ескеріледі).

 

 

5. Жеңімпаздарды іріктеу

 Конкурстық комиссия әр номинация бойынша үздік материалдарды іріктейді, байқау жеңімпаздарын анықтайды. Қосымша номинацияларды тағайындау және жекелеген номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау құқығын өзіне қалдырады.

Конкурстың қорытындылары туралы шешім байқау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді. Байқау комиссиясы байқау жұмыстары бойынша қабылданған өз шешімдерінің себептерін түсіндірмеу және негіздемеу құқығын өзіне қалдырады.

Жеңімпаздарды марапаттау Қостанай қаласында, 2021 жылдың маусым* айында облыстық медиа-форум аясында өтетін болады.

 

          * байқау қорытындысын шығару күні өзгертілуі мүмкін.

заявка каз

 

______________________________